Қазақстан Президенті табыс әкелетін стартаптар құруға шақырды — Білім, ғылым, мәдениет бөліміндегі материал.
Материал — президент, стартап, Нұрсұлтан Назарбаев, ІТ саласы — осы тақырыптарға байланысты.

Қазақстанға мол табыс әкелетін стартаптарды құрып, оларды іске қосу қажет. Бұл туралы цифрландыру мәселесіне арналған республикалық кеңесте Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Екінші жағынан цифрландыруға біз прагматикалық көзқарас тұрғысынан қарауға тиіспіз. Бұл түбегейлі басымдық алу мүмкіндігі - өнімділік, капиталдандыру, кірістер. Мәселен, біз General Electric-пен бірге электровоздар өндірісін іске қосқанымызды мақтан етеміз. Оның өнімділігі 1 жұмысшыға 100 мың долларды құрайды. Біз «Міне керемет!» дейміз. Бұған жақындау келетін басқа сала жоқ. Ең үздік компаниялар ENRC мен «Қазақмыс» саналады. Олардың өнімділігі 40-50 мың доллар. Біз мұны да жақсы деп бағалаймыз. Бірақ, бұл дұрыстап қарасақ онша емес. Оларда 50-100 мың адам жұмыс істейді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Президенттің пайымынша, цифрландыру жағдайды түбегейлі өзгертетін болады.
«50-60 мың доллар. Бұл, мәселен Facebook-тен 45 есе аз. Қалғандары жайында не айтуға болады? Біздің ең алдыңғы қатарлы «Алатау» ақпараттық технологиялар паркіміз 2016 жылы 20 млрд теңге табыс тапты. Біз мұны жақсы дедік. Алайда ол Ethereum табысынан 38 есе аз. Мен мұның барлығын өзімді сынау үшін айтып отырғаным жоқ. Толықтай алғанда қандай мақсаттарға ұмтылуымыз керектігін айтып отырмын. Осындай стартаптарды Қазақстанда құрып, оларды іске қосу керек. Біз экономика табысының артуы мен өсіміне қол жеткізуге тиіспіз», - деді Қазақстан Президенті.
Бұл бетте Қазақстан Президенті табыс әкелетін стартаптар құруға шақырды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Қазақстан Президенті табыс әкелетін стартаптар құруға шақырды материалы Білім, ғылым, мәдениет бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
феруза
сиздерден отинерим мектепке балаларга киимге кобирек акша болсе екен