№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: Қ-55 топ студенті Тазабек Асылбек
1. Тас қалауды жөндеу;
2. Тас конструкцияны қайта қалау;
3. Тас жұмыстары өндірісі кезіндегі техникадан қауіпсіздену.
Тас жұмыстарын әр түрлі тас конструкциясы ғимараттарды: іргетас, қабырға, бағана, арақабырға және т.б. тұрғызғанда жасайды.
Тас қалау – ең көп тараған. Оны 75...300 маркалы тұтас және қуысты глиналы кірпіштен және жер үсті конструкциялары үшін 75...300 маркалы тұтас, қуысты және кеуекті кірпіштен қалайды.
Қолданатын тас түріне байланысты қалаудан келесі түрлері болады: сыртқы пішіні дұрыс емес табиғи тастардан – шой тастан қалау; фундаметтер, үй асты қабырғаларын, биік емес үймереттерді, тірек қабырғаларды және оған тастар батырылған – шой бетонды қалау; қабырғалары, діңгектер, аркалар, күмбездер және т.б. тұрғызу үшін кәдімгі толық денелі, кеуекті, қуыс, кеуекті – қуыс немесе силикат кірпіштен жасалған – біріңғай кірпіштен қалау; сыртқы қабырғаларды тұрғызу үшін кірпіштен тұрғызу үшін кірпіштен және жылу өткізбейтін материалдардан жасалған – жеңілдетілген қалау; қабырғалар және діңгектер құру үшін керамика, жеңіл бетон және пішіні дұрыс табиғи тастардан жасалған – ұсақ блокты қалау; жоғары температура жағдайларында жұмыс істейтін түзілістерді қаптау және қалау үшін шамотты, магнезиалы, көміртекті және кірпіштің басқа түрлерінен жасалған – отқа төзімді қалау.
Тасшының жұмыс орны: қалау учаскесі, оның қолына кірпіштен заттабақтар, ерітінді мен саты төсеніші үшін жәшіктер болады.
Тұтас қабырға учаскесін қалағанда тасшының жұмыс орнының ені 2,5-2,6м және келесі зоналарға бөлінеді:
1. тасшы жұмыс процесі кезінде қозғалатын, ені 60 – 70 см болатын -жұмыстық;
2. кірпішті реттеп қоятын зона, ені 1,6 м-ге дейін, ерітінділі жәшіктер кірпіші заттабағымен кезектесіп отырады;
3. өту үшін ені 30-40 см, еркін зона;
Қабырға бұрышын қалағанда жұмыс зонасының ені 60-70 см болып, қалау учаскесі бойлай орналасады. Кірпіш заттабағын бұрышқа жақын қояды.
Бағаналарды қалағанда кірпішті сол жақтан, ал ерітіндіні – тасшының оң жағына орналастырады.
Тасшының құрал – жабдықтарына: КБ типті кельма – қатты жынысты ағаштан иіліп жасалған ұстағыштан, күрегі қалыңтабақты темір төсемінен жасалады, ерітіндіні тегістеуге тік жектерді толтыру және артық ерітіндіні алып атстау үшін қажет. Салмағы 0,55кг, ұстағышының ұзындығы 300мм, кірпішті ұрып кесү үшін пайдаланады. Жұмысты орындағанда балға пышағы кірпіш қырына тік бұрыштап ұсталынуы керек; ерітінді күрегі ЕК типті қалыңдығы 1,6мм және домалақ темір істержінінің ұзындығы 320мм болатын табақты темірден жасалады. Бұл ерітіндіні алып тегістеу, сондай – ақ оны жәшікте орналастыру қажет.
Қалаудың өндірісін тездету үшін және оның сапасын жақсарту үшін азөлшемді қалдық жабдықтар қолданылады. Кірпіш сапасын тексеру үшін бақылау өлшеуші құралдарды; жиналмалы метр және ұзындығы 2-20м рулетканы пайдаланады, олар сызбасы өдшемдер үшін, ұзындығы 750мм металл корпусты деңгейліктер, қалаудың тіктігі мен көлденеңдігін тексеру үшін қажет.
Қалау тәсілдері қабырғаның қалыңдығына байланысты болады. қалыңдығы 2-20,58 кірпішті қабырғада, сыртқы тік бетті бір-біріне перепендикуляр, 2 даналы немесе қабырға осіне 450 бұрыштан қалайды. 1,5 кірпішті қабырғаны сыртқы тік және ұзын қабырға бетін, қабырға осіне параллель етіп 2 кірпіштен қалайды. 1,5 кірпішті қалыңдықты қабырғаны (сыртқы тік бет) стопка раасына 1-1,5см, ұзын жағында бір кірпіш болады. Бір кірпішті қабырғаны қалағанда (ұзын қатарда) кірпіш стопкасын қабырға осіна арасында бір кірпішті саңылау қалдырып қалайды, ал тік қатарды – қабырға осіне арасында бір кірпіштік аралық алдырып, перпендикуляр қалайды.
Көтергіш тас конструкцияларының зақымданған қалауын айырбастағанда, жұмыс өндірісінің жауаптылығына байланысты, алдын-ала оларды орындау кезіндегі технология мен техника қауіпсіздігінің тәртібін ескеретін жұмыс өндірісінің жобасын жасау керек.
Тас жұмыстарын орындау жобасында жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мәселелерін ерекше мұқиятты шешу керек. Жобада зерттеп жасалған шаралар ҚМЕ 3-4-80 талаптарына сәйкес келу тиіс.
Тас қалауды орындағанда ағаштар және мінбелер, қорғаныш күнқағарлар және қоршаулар орнатқанда, биікте сыртқы және ішкі қабырғалар қалағанда ерекше сақтану шараларын қолдану керек.
Ені 1,5 м тіреуішті жабын түрінде жасалған инвентарлы қорғаныш күнқағарлар көкжиекке 200 бұрышпен сыртқы қабырғалардың барлық
периметрі бойынша жасалу керек. Күнқағарлардың бірінші қатарлы жерден 6 м-ден көп емес биіктікте орнатылады және осы деңгейде үймеретті барлық биіктігіне дейін қалағанша қалады. Күнқағарлардың екінші қатары бірінші қатардың үстіне 6-7 м биіктікте орнатылады, содан соң қалау жүрісі бойынша әр 6-7 мсайын қата орналастырылып отырады (2-қабаттан кейін).
Тас қабырғаларды қорғаныш күнқағарларсыз орнатуды 7 м-ден артық емес биіктікте рұқсат етіледі, бұл жағдайда жерде үймереттің периметрі бойынша қабырғадан 1,5 м-ден кем емес аралықта қоршаулар орнатылады. Үймеретке кіретін есіктер үстіне 2х2 м қалқалар жасалады.
Төменгі қабаттың мінбелер биіктігі жабын деңгейінен биік 2-3 қатар қабырға қалауға мүмкіншілік беру керек, бұл жоғарғы қабаттың бірінші ярусын қалауының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тас қалағанда жұмыс жабынның ені 2,5 м-ге тең алынады. Сонымен кірпіш табандықтары және ерітінді жәшіктері сөйтіп қойылады, тек жұмыс аумағында ені 60 см-ден кем емес өтіс қамтамасыз ету үшін мінбелердің жабын деңгейі қалау деңгейінен 15 см-ден кем емес болу керек.
Қабылдау алаңшаларда, басқыштарда, өтулерде, қабаттардағы ашық ойықтарда қоршаулар жасауды ескеру керек.
Жобада тас қалауын қысқы жағдайда орындағанда көрсету керек: ерітінді еритін мезгілде рұқсат етілетін қабырғалар және тіректердің шекті биіктігін; көтергіш түзілістер және аралық дуалдар үшін еритін мезгілдегі уақытша бекіикіштерді; қысқы қалау үшін қолданатын ерітінділер маркасы және қатыру температурасын төмендететін химиялық қосымшаларды
Ғимарат жөндеуі кезіндегі тас қалауды күшейту технологиясы
Ғимарат реконструкциясы бойынша жұмыс өндірісінің тәжірибесінде тас қалауларының зақымдануларын күшейтуде келесі тиімді тәсілдер қолданылады:
1. қалауды құрсаумен күшейту (темір, темірбетон, армирленген);
2. қалау жарықшаларын цементпен немесе полимерцементпен инъекциялау;
3. зақымдалған аралық қабырғалар мен бағаналарды жаңа қалаумен айырбастау.
Ал кірпіш қабырғалар мен арақабырғаларды уақытша бекіту үшін тәждер мен қиғаштар, ұстағыш тіректер мен рамалар қолданылады.
Ғимараттың кеңістіктегі тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабырғаларды кернеуленген белдіктермен, әр түрлі байланыстырмалар мен байламалармен бекітеді.
1. Қалауды құрсаумен күшейту. Оны күшейтуде ең тиімді әдіс болып табылады. Құрсау қалауды барлық жағынан сығылу жағдайында және көлденеңнен ұлғаюы шектеулігінде жұмыс істейді де, қалаудың тік күш кедергісінің жоғарлауына мүмкіндік береді
Күшейтудің темір құрсауы, элементтің бұрыштарына тік орнатылған және бұрыштықтар бір-бірімен жолақ немесе домалақ темірмен байланысады. Қамыттар арасы қиманың ең кіші өлшемінен аспайтын, бірақ 500 мм аспау керек.
Құрсаудың қалау жұмысына қатысуы үшін, қалау мен бұрыштықтар арасын цемент ерітіндісімен жақсылап бітеу керек. Темір құрсау даттанудан сақталу үшін металл тор үстінен, қалындығы 25-30 мм цемент ерітіндісімен жабылады.
Темірбетон құрсаумен қалауды күшейту үшін В15 төмен емес бетоннан, тік істерженьдер мен дәнекер қамыттары арқылы жасалады. Көлденең қамыттар арасы 150 мм-ден аспау керек. Ал темірбетон құрсауының қалындығы есептеулермен анықталып, 40-120 мм арасында болу керек.
Армирленген ерітінділі құрсау темірбетон құрсауындай жасалады, бірақ мұнда бетон орнына М75-100 цемент ерітіндісі қолданылады.
Темірбетон және цемент құрсауларының тиімділігі көлденең армирлеу процентіне, бетон класы мен ерітінді маркасына, қалаудың нақтылы жағдайы мен күштердің конструкцияға беру схемасымен анықталады.
Егер күшейтілетін қабырға ұзындығы қалындығынан 2 есе немесе одан да көп болған жағдайда, қалау денесінен қосымша көлденең байланыстырғыштар жібереді, олардың арасы планда қабырғаның екі қалындығынан аспау керек (<1м), ал биіктігі 0,75 м аз болмау қажет. Бұл байланыстырғыштар жақсы бекітілуі тиіс. Конструкцияның жоғары көтергіш қасиетін қамтамасыз ету үшін, зақымдалған қабырға, аралықтар мен бағаналардағы жарықшаларды цемент ерітіндісімен инъекциялау керек.
2. Тас конструкцияларды инъекциялаумен күшейту. Қалаудың зақымдалған учаскесіне қысым арқылы сұйық цемент немесе полимерцемент ерітіндісін жіберу арқылы бітеу болып табылады. Мұндай процесс қалау жарықшасын, кеуектер мен ашық жерлерді жақсы бітейді. Ал инъекциялау кезіндегі қысым ерітінді қоспасының қозғалмалылығын және кіру жағдайын жоғарлатады.
Мұндай әдісті қолдану, қалаудың зақымдалған учаскесімен бірге жалпы бітелуін қамтамасыз етіп, қалаудың көтергіш жағдайын қалпына келтіруін және күшейтуді өндірісті тоқтатпай, аз материалдарды қолдану және әлсіз қиманың көлденең өлшемдерін ұлғайтпауын қамтамасыз етеді.
Қалауды инъекциялау кезіндегі дайындық жұмыстары:
- бұрғылау орнын анықтау;
- скважинаға металл патрубканы қойып, бекіту;
- қалау беттері мен жарықшаларды бұрғылану қоқыстары мен шаңнан тазарту;
- қалау бетіндегі жарықшалар мен бос жіктерді цемент ерітіндісінің жұқа қабатымен бітеу.
Инъекциялау ерітінділері үшін негізгі скважиналарды ірі жарықшалар мен қуыс жіктерді, мүмкіндігінше шахмат тәртібімен, арасы 50 см және бұдан да көп болуы мүмкін ( жарықшалар сипаттамасы мен өлшемдеріне байланысты). Ал, ұсақ жарықшалар орнында, резервті скважиналар бұрғыланып, арасы 15-30 см болады.
Скважиналарды 10˚ көлденеңдікпен, 10-20 см тереңдікке дейін теседі. Ол үшін диаметрі 1,8-2 см бұрғысы бар И-28А электрбұрғылауын пайдаланылады. Қалауда үлкен жарықшалар болған кезде, инъекторларды сол жарықшаларға кіргізе салады.
Скважиналардағы қоқымдар мен шаңдарды 200кПа дейінгі аз қысыммен үрлейді, ал құрғақ қалауда таза суы ағынымен жуады. Тазаланған негізгі және резервті скважиналарын ерітінді жіберместен 2-3 күн бұрын 50-80 мм тереңдікте патрубкалар орнатылады. Олар М100-ден төмен болмайтын цемент ерітіндісінде орнықтылады. Бұл жерде патрубкалар аяқ жағы цемент ерітіндісімен бітеліп қалмауын қадағалау керек. Патрубка бұрандалы бас жағы қалау бетінен, шлангқа қосу үшін, 30-40 мм шығып тұру керек.
Жұмысқа 2-3 қалғанда қалау бетін 1:2, 1:3 құрамды цемент ерітіндісімен сылайды. Қажет жағдайда гипс немесе басқа да тез қататын ерітінділер қолданылады. Ал ерітінді жіберген уақытта ағып кететін учакелерді қосымша құрғақ цемент немесе басқа байланыстырғыштармен сыланады.
Цемент және полимерцемент ерітінділері үшін:
- портландцемент М400 төмен емес, 2400 см²/г аз емес үгітінділі, 20-25% цемент қамыр қоюлылығы;
- шлакопортландцемент М400 қолданылады
Инъекциялау үшін өте ұсақ немесе жұқа үгітінділі құм және келесі қоспалар қолданылады:
- натрий нитриті, цементің 5%- дай;
- ПВА эмульсиясы;
- Нафталин формальдегид қоспасы 0,1% цемент массасындай.
Инъекциялау ерітіндісі келесі қасиеттерге ие блоуы керек:
- аз су шығару (цемент ерітінділерінде);
- қажетті байламдылық;
- сығылу және ұстамдылық беріктігі;
- аз шөгілуі;
- қажетті суыққа төзімділік.
Қалаудың 1,5 мм-ге дейінгі жарықшасын бітеу үшін келесі ерітінді түрлері мен құрамдары қажет:
- эпоксид смоласы негізінде полимер ерітінділері 1:0,3:0,15:0,5 ( ЭД20 – эпоксид смоласы, модификатор МТФ-9, қатырғыш, құм.);
- цемент-полимер ерітінділері 1:0,15:0,25 (цемент, полимер, құм);
- цемент-құмды ерітінділер 1:0,1:0,25 (цемент, пластификатор, құм).
Қалаудың 1,5 мм-ден жоғары жарықшаларын бітеу үшін келесі ерітінді түрлері мен құралдары қажет:
- цемент-полимер ерітінділері 1:0,15:0,3;
- цемент ерітінділері 1:0,1;
- цемент-құмды 1:0,05:0,3 (цемент, пластификатор, құм, натрий нитриті).
Инъекциялау ерітіндісін дайындау жұмыстары келесі кезеңдерден тұрады:
- ерітіндіні металл араластырғышта дайындау;
- ерітінді қоспасын фильтр арқылы сүзу;
- дайын ерітіндіні уақытша сақтау;
- дайын ерітіндіні қысым арқылы ерітіндінасосымен жіберу.
Қалауға ерітіндіні дайындау, тасымалдау және беру үздіксіз қозғалатын механикалық инъекциялық агрегат көмегімен жүзеге асады. Оның 0,05м³ көлемді резервуары (ерітінді дайындау үшін) және 0,05м³ көлемді ерітіндіні сақтау үшін резервуары, 2м³/сағ өнімділікті механикалық ерітіндінасос болады.
Ерітіндіні ерітіндіараластырғышта дайындау тәртібі:
Қажетті мөлшерде портландцемент және ұсақ үгінділі құмды құрғақтай араластырып, е/араластырғышқа төгеді. Содан кейін қолданылатын пластификаторлар, судың бір бөлігімен ерітіледі. Осыдан кейін қалған су мөлшері беріліп, қоспа 10-15 мин аралығында араласады. Дайын ерітінді дірілдегіш фильтр арқылы, уақытша сақталынатын резервуарға сүзіледі.
Ерітіндіні жіберетін материалды шлангтың металлды реттейтін, диаметрі 0,5 «штуцері», оны патрубкаға қосатын гайкадан тұрады. Инъекция патрубкалары диаметрі ½ және ұзындығы 100-150 мм газ құбыр кесіеділерінен дайындалады. Патрубканың бір жағында 5-6 айналмалы бұрандасынан тұрады.
Ерітіндіні қалауға жіберу. Жоғарыдан төменге қарай 400-600 кПа кысыммен жүргізіледі.
Шлангыны ең бірінші төменгі негізгі скважиналардағы патрубкаларға қосылады. Ерітіндіні, жоғары скважинадағы патрубкалардан аққанға дейін жібереді. Бұл уақытта қысымды мұқият бақылап тұру қажет, егер қысым жіберу процесінде әр уақыт ұлғайып тұрса, ерітінді консистенциясын өзгертусіз қалдырады. Ал егер қысым көп уақыт жоғарламайтын болса, ерітінді консистенциясын су-цемент қатынасын төмендету арқылы өзгертеді.
Егер жіберу кезінде ерітінді тек жоғары ярустың негізгі патрубкалары арқылы ғана ағатын болса, онда шлангтарды резерв скважиналарының патрубкаларына қосады.(жергілікті ин-лау үшін)
Төменгі ярустың жарықшалары мен қуыстары толғаннан кейін шлангтар жоғары патрубкаларға қосылып, барлық зақымдалған қалау учаскелерін толық инъекциялағанға дейін қамталанады.
Инъекциялау жұмысы аяқталғаннан кейін агрегатты, резервуарлар мен шланг желілерін жақсылап тазартады.
Инъекциялау әдісімен күшейтудегі сапаны бақылау жүйелі түрде, барлық жұмыс өндірісі кезеңінде жүргізілуі тиіс. Ерітінді дайындау кезеңінде оның ұстамдылығы, су бөліп шығаруы, сығылудағы беріктігі мен ұстамдылық беріктігі бақыланып тұрады.
Ал ерітіндіні жіберген кезде қалаудың толтырылу беріктігін бақылау, ерітіндінің таралу радиусы арқылы анықталады (патрубкалардан, тесіктерден ағылуы, сылақтың сылануы). Қалаудың тығыздалу беріктігін 25 тәу. кейін, ультрадыбысты прибор УКБ-1М-мен қиратпау тәсілі арқылы анықталады.
Күшейтілетін учаскелерді инъекциялау алдында және соңында, ультрадыбыс импульстарының жылдамдығы шамасы мен оның сөну дәрежесі арқылы анықталады. Жобамен инъекциялау ерітінділерінің сығылудағы беріктігі 15-25 МПа болу керек.
3. Тас конструкцияларын жаңаға алмастыру әдісі. Ғимарат жаңғыртуы мен реконструкциясы кезінде көтергіш жағдайын жақсарту үшін, немесе қабырғаның апатты жағдайында техникалық және экономикалық жағынан тиімді.
Күшейту жұмысының өндірісі алдында, алдын-ала уақытша бекітпелер орнықтыру қажет. Қабырға, аракабырға жақтауларды, бағаналарды, жабынды «ілу» айырбастау кезеңінің аяғына дейін сақталынады.
Уақытша бекітпелерді ағаштан, темір құбырдан немесе прокаттан жасап, олар жоғары орналасқан қабырға, жабын және т.б. жүктемелер салмағын көтере алатындай болу керек.
Тар арақабырғаларды алмастырғанда, терезе алдына жақтауларды ұстап тұратын уақытша бағандар орнатады. Ал ені 1 м-ден асатын арақабырғаларды 2 немесе одан да көп бағандар қояды.
Бағандардың тығыз беріктігі мен жұмысқа қатысуы үшін оларды кезектесіп ұрады. Уақытша бекітпелерді орнықтырғаннан кейін зақымдалған қалауды жайлап бұзады.
Жаңа арақабырғалары үшін беріктігі жоғары (кірпіш, бет. тастары), М100-ден төмен емес материалдар және М100 маркалы цемент ерітіндісі қолданылады. Бұл кезде кірпішті, жіңішке жік пайда болатындай етіп, тығыз отырғызады. Қажет жағдайда, көлденең жіктерді теиір торлармен армирлейді. Жаңа қалаудың үстінгі бетін ескіге дейін 3...4 см жеткізбейді де, ол жерді М100 тығыз ерітіндімен бітейді.
Уақытша бекітпелерді, жаңа қалау 50% жобалық беріктікті алғаннан кейін ғана бөлшектеп, босатады.
Қабырға жалпы тұрақтылығынан айырылғанда (қабырға мен оның жеке элементтерінің біркелкі жұмыс істеуі бұзылғанда, іргетастың шөгуінен ұзын жарықтардың болуы, сыртқы және ішкі қабырғалардың әр түрлі жүктелінуінде, жік қалауының дұрыс емес балкаларында) ең тиімді әдіс қабырғаны кернеулі белдеулермен, яғни жабын деңгейіндегі көлденең және тік тәждермен бекіту (d=25…30мм), болып саналады.
Қабырғаның бекітпе конструкциясы диаметрі 20-38 мм болатын, темір тәждерден тұрып, ол ғимаратты немесе оның бір бөлігін қамтиды. Тәждер қабырға бетіне немесе 70*80 мм қималы борыздаға қойылып, оларды тартканнан кейін цемент ерітіндісімен бітеледі. Ғимарат бұрыштарына тік бұрыштықтар қойылады, олар белдеулер тартылғаннан кейін бұрыштарды ұстап тұрады. Белдеулерді барлық контур бойынша тартқыш муфталармен тартады.
Тәждерді тарту алдында оларды қыздырғыш лампалармен немесе автогенмен алдын-ала қыздырады.
Тартулар қолмен ұзындығы 1,5м рычагпен 300-400Н күшпен жүргізіледі. Жалпы күш жобамен 50кН болу керек. Егер тәж салбырап тұрмаса және ұрғандв таза дауыс берген жағдайда тарту жеткілікті екенін білдіреді. Ал, оны бақылау үшін оларға арнайы индикаторлар (тарту шамасын көрсетеді) орнатады.
Қабырғаның немесе арақабырғаның жергілікті күшейтілуі үшін қамыттар арматура мен прокат темір, анкерлер түрінде тартылмайтын байланыстар орнатылады.
Егер қабырғаның ауытқуы мен үгітілуі, көлденең жік бойынша ашылуы, жабынның орнынан кетуі, қисаюлармен қосақталған жағдайда күшейту келесі схемамаен жүргізіледі:
- қабырғаны 1/3 қалындыққа дейін өңдеу;
- жаңа қалау орнату;
- жаңа қалауды тәждер мен темір қамыттар арқылы бағаналарға немесе тік қабырғаларға бекіту.
Ғимараттың зақымдалған немесе тіктіктен ауытқан бұрыштарын №16, 20 швеллерден, металл балкалармен күшейтіледі. Олар жабын деңгейінде, қабырғанын екі жағынан қойылып, болттармен тартылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі