Астана қаласында орта білім беретін алты мектепте әжетханаларда санитарлық нормалар сақталмағаны анықталды, деп елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.
Дүйсенбіде қалалық білім басқармасында құрылған жұмыс тобы тексеріс барысында қаладағы кейбір мектептердің оқу жылы басталмай тұрып, ағымды жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтауға үлгермегендігін анықтады.
«Ағымдағы жылдың көктемі мен жазында барлық нысандар тексерістен өтіп, анықталған ескертулер бойынша актілер жасалған болатын. Білім беру мекемелерінің тарапынан ұсынылған бюджеттік өтінімдерге сәйкес нысандарды ағымды жөндеуден өткізу жұмыстарына, сондай-ақ, 42 нысандағы санитарлық тораптарды ауыстыру мен жаңарту шараларына қаражат қажетті көлемде бөлінген-ді», - деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
Жоғарыда көрсетілген 42 нысанның алтауында бүгінге дейін әжетханалар қоршалмаса, 10 мектептің санитарлық тораптарындағы қоршаулардың есіктері орнатылмаған.
«Басқа нысандардағы санитарлық тораптар талаптарға сай келеді. Жоғарыда аталғанның негізінде қысқы демалыстың аяғына дейін нормаларды бұзу фактілерін дұрыстау бойынша барлық қажетті шаралар қолданылатын болады», - деп мәлімдеді білім басқармасынан.
Бұдан бөлек, жұмыс тобы тексеріс барысында басқа да санитарлық нормалардың бұзылғандығын анықтады. Мәселен, кей мектептерде әжетханаларға жеке гигиеналық құралдар қойылмаған.
Аталмыш мекемелердің жетекшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.
Естеріңізге сала кетейік, таяуда Facebook әлеуметтік желісінде елорданың №7 гимназиясындағы әжетханалардың суреттері жарияланған болатын. Суретте әйелдерге арналған әжетханада аралық қоршаулардың жоқтығы көрініп тұр.
Бұдан кейін Астана қаласы білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин елордадағы барлық мектептердің санитарлық нормаларды сақтау-сақтамауын тексеруді бұйырды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі