Өлең, жыр, ақындар

Егер мен президент болсам...

Ақтөбе қаласы
№49 жалпы орта білім беретін мектептің
1«б» класс Қабақбаев Бекұлан Баубекұлы

 

Егер мен президент болсам дәл елбасы Нұрсұлтан Назарбаев секілді дара да, дана тұлға болар едім. Елбасы - халық үшін, ел үшін жаратылған Елбасына үлкен алғыс білдіремін. Елбасымыз Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, паш етті. Бізге елбасы қашан жағдай жасайды деп күтпей, біз жастар ерінбей еңбек етіп, білімнің биік шыңдарына жетіп, жаңалықтар ашып, өркендеуіміз керек. Егер жастар талпынбаса, үлкендер қолдамаса, өз жағдайымызды өзгерте алмаймыз. Сол үшін мен президент болсам жастар, жастар, жастар деп барлық мүмкіншіліктерді пайдаланар едім. Ауыл адамдарына жұмыс орнын ашар едім, әдемі үйлер салар едім. Мәдениет үйі, үлкен спорт кешендерін, мектептер, балабақшалар саламын.

Өйткені жастар еліміздің болашағы, байлығы. Сондықтан жастар армандамай, әрекет етуге талпынайық, өз еліміздің туын биік, рухын биік ұстайық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Женис шамшинахар

Рахмеет

ұлдана

өте күшті эссе

ұлдана

керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз