БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру депаратментінің директоры Шолпан Қаринова қазақстандық оқушылардың оқу мақсатымен ұялы телефонды қолдануы жөнінде өз пікірін білдірді.
«Ұялы телефонды қолдану немесе қолданбау мәселесі БҒМ құзырына жатпайды. Жалпы алғанда, ұялы телефон қолдануға тыйым салатын бірде-бір құжат жоқ», - деп жауап берді ол Үкімет үйінде журналистер сауалына.
Оның айтуынша әр мектептің ішкі тәртібі жөнінде өз қағидалары болады.
«Сол құжат арқылы мектептер бір ғана оқу ордасы ішінде белгілі бір ережелерді қарастыра алады», - деп атап өтті ҚР БҒМ өкілі.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Азамат
Мен келісемін. Себебі телефон сенікі,
оны сенен шектейтін ешкім жоқ. Ең бастысы мектепке телефон əкелмеу ҚАТЕ!!!