«Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар

Басты бет / Суреттер сөйлейді / «Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар

«Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар — Суреттер сөйлейді бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз «Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Итальялық суперкар өндірушілері жаңа өнімдерін ұсынды. Олардың бұл ұсыныстары бірқатар инженерлік шешімдермен бүгінгі барлық автоөнеркәсіпті мыңжылдыққа озып тұр. Компания кем дегенде, өз өнімдерін үшінші мыңжылдықтың жобасы түрінде таныстыруда.

Terzo Millenio - атының өзі айтып тұрғандай, көліктің атауы итальян тілінен аударғанда «үшінші мыңжылдық» деген мағынаны білдіреді. Бұл автокөліктің басты жаңалығы — аса жеңіл кузовы болып табылады, өйткені ол өздігінен қалпына келетін ерекше карбоннан жасалған.

Lamborghini мен MIT-тің бірлесіп шығарған ерекше технология кузовқа келген зақымды тауып, оны өзінің арнайы химиялық құрамы арқылы «емдей» алалады.

Бұл кузовтың керемет ерекшеліктерінің негізгісі емес. Суперкар төрт электромотормен қозғалады, олардың қуаты әзірше жасырын. Бірақ, әрине, қуаттары аз емес екені анық. Енді осы жерде кузовтың басқа ерекшелігі алдыңғы планға шығады, себебі ол электромоторлар үшін батарея да болып табылады.

Батарея блогы нанотүтіктерді қолдану арқылы инновациялық материалдан жасалған. Ол өте жіңішке болып, кузовтың ішіндегі ішкі және сыртқы батареялардың арасына құйылғандай.

Сонымен қатар, Terzo Millenio бір зарядпен ұзаққа жүру және энергия қорларын тез толтырумен қамтамасыз ете алатын суперконденсаторлармен және кинетикалық энергияны қалпына келтіру жүйесімен жабдықталған.

Аталған суперкар сериялық шығарылымды болмауы мүмкін. Бірақ жақын арада бірқатар инженерлік шешімдер автоөнеркәсіпте қолданыс таба алуы әбден мүмкін.

Lamborghini компаниясының жетекші менеджерлерінің бірі Маурицио Реггианидің айтуынша, кейбір компоненттер сериялық шығарылымға енуіне жақын, ал кейбіреуіне әлі уақыты келмеді.

Қалай болғанымен Terzo Millenio жобасы автомобиль түрінде болмаса да, инженерлік шешімдер сериясы ретінде іске асырылатыны анық.

Дереккөзі: auto.vesti.ru



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

«Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар туралы не білуге болады?

Бұл бетте «Мәңгі» кузовы бар болашақ суперкар тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Суреттер сөйлейді бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Суреттер сөйлейді бөліміндегі басқа материалдар суперкар тақырыбындағы материалдар Lamborghini тақырыбындағы материалдар Terzo Millenio тақырыбындағы материалдар көлік тақырыбындағы материалдар автомобиль тақырыбындағы материалдар