Өлең, жыр, ақындар

Ерлан Сағадиев цифрландыру жүйесін меңгермей жатқан мектептерге шүйлікті

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев цифрлық технологияларды меңгере алмай жатқан мектептерді анықтауды тапсырды. Министр дәл осы мәселеде директорлар алдымен жауап беретінін мәлім етті.

«Бізде BilimLand жүйесіне барлық мектептер қосылған. Әр қала бойынша қолымда статистика бар деп айта аламын. Мәселен, Павлодар қаласындағы 35-ші мектеп қыркүйек айының алғашқы күндері-ақ 14 мың лекция жүктеп алған. Ал 5-ші мектеп лекцияны 283 рет қана жүктеген. Айырмашылықты байқайсыз ба? Демек, біреуге бұл керек, екіншіге мүлде қажеті жоқ», - дейді министр.

Ерлан Сағадиев ендігі кезекте мамандар «Kundelik» бойынша статистиканы салыстырып отыратынын жеткізді.

«Яғни, бұдан былай 35-ші пен 5-ші мектептің үлгерімі қандай екенін біле аламыз. Цифрлық білім ресурстары оқу материалдарының бастамасында өте ыңғайлы екені анықталып отыр. Мұғалімдер неге осыны қолданбайды? Өйткені, білмейді немесе түсінбейді. Себебі, оларда видежобалар жоқ. BilimLand жүйесіне ақша төлеп отырып, қалайша оны 280 рет қана қолдануға болады. Дәл сол уақытта, дәл сол соманы төлеген басқа мектеп 14 мың рет қолданса... Бұл мүлде біліксіз басқару дегенді білдіреді ғой», - деді министр.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (9)

Айнұр

Интернет болмаса қалай кіреді?

Ескендір

Қазіргі таңда мұғалімдердің жұмысы қыйындап барады? Әсіресе қағаз бастылық

айдар

алдымен соған жағдай қарастырылу керек қой. интернет жоқ жерде не жұмыс

Ержан

Сен дер кімсіңлер?

Айнұр

Мыңдаған мүғалімнің Сағадиевке шүйлігіп отқаннан хабары бар мекен оның?

Айгүл

Білімлендте 11-сыныпқа арналған тесттер қате. Ескі форматта қалып қойған. Биыл 2-жыл екі таңдау пəнін тапсырамыз. Ол əлі орыс тілі бар 125 балдық тестпен беріліп тұр. Өрнектің мəнін тап деген тапсырмалар бар. Өрнек жоқ жазылмаған. Бірнеше жауап нұсқасы бар. Мен өз пəнім сызу бойынша да ешнəрсе таба алмадым

Айжан

Ауылды жерлерде интернет қуантарлық жағдайда емес, оны қайдан қолданады? Ешкандай мүмкіндік жоқ десе де болады.

Акмеир

Мугалимдердин жажайы калай болып жатқанымен шаруасы жок. Бир мугалимдер тек документтен коз алмаймыз. Бала шага мектеп оқушыларын оқыту жайына қалды. Енди бар кагазды битирсен келесиси дайын турады. Берген жалакысы тауыкка жем шашкандай. Оның жартысы кагазбен кетеди . Еще талаптары мыкты. Сагадиев сиз осы талаптарды кушеите бермеи карапайым мугалимдердин мунын тындап кординизбе. Осы саясатын мугалимнинде окушысын да билимине кери асерин тигизмп жатыр. Ойткени мугалим кагаздан кол аспайды. Окушы дулати кашан апайымнын документ билет деп.

Ггульнара

Үйімде Итернет мүлдем ұстамайды Кешкедейын бреуге жалынышты ақша төлеп жасату,Бір жанұянын үнемі мазасын алу түнде ұрысу шегісү түнде жанбырлы боранда ары бері лунатик құсап үрейленіп шошып қорқып жаяу жүру гипертония диагнозымен не боларын білмей үреймен өмір сүру . Жан-жақтан қысымға алу бітер емес екен. жұмыстан қажыдық.Жағдай жасаңыз.чтобы всё как у вас чики-чики болсын.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар