Өлең, жыр, ақындар

Адам арманынан қалай адасады?

Адам көп нəрсені армандайды. Бірақ нақты не нəрсені армандау керек екенін, арманы орындалуы үшін қандай жоспар құрып жүзеге асыру керектігін ойламайды. Кейде арманшыл адамдар өз арманы орындалатын арман ба, орындалмайтын арман ба деген ойдың түбінде қалып қойып жатады.

Арман деген - адамның қиялындағы нəрселеріне шынайы өмірде қол жеткізу үшін жасайтын əрекетінің жеңісі мен жемісі дер едім. Əрине, ол ойдағыдай жүзегі асып оң нəтижесін көрсетіп жатса ғана. Ал жүзеге аспаған жағдайда, ол адамның ең үлкен өкінішіне айналады. Мені мынадай сұрақ толғандырады. Жалпы адамдар не нəрсені армандауы керек?  Адамдардың тұрмыс жағдайы жақсы, əлем жақсы болу үшін барлық адам арманшыл болуы керек пе? Адамдар неге армандарынан адасып жатады? Бұл сұрақтарға былай жауап іздедім. 

 Адамдар барлық нəрсені армандауға құқылы. Барлық түрін. Арман деген шексіз. Біреулер денсаулығының күшті болғанын,  енді біреулер тұрмыстық жағдайының жақсы болғанын,  тағы біреуі туыстарының бар болғанын, тағысы ұсақ-түйек нəрселерді армандап жатады. Машина, үй, ақша, атақ, мансап, билік сынды нəрселер. Жоғарыда айтылған үш арманды армандап отыруға болады. Оның орындалуы үшін түк істей алмайсың, жай ған армандап жүре бересің. Ал қалғандарына жетуі үшін өмірде дұрыс бағытты таңдап, дұрыс əрекет жасай білуі керек. Ал қазіргі таңда қалай. Адамдар  армандайды, бірақ  жүзеге асуы үшін іс-əрекет жасамайды. Жасайтындар аз-ақ дер едім. Адам бір нəрсені армандады ма, арманына жетпейінше  тынбау əрекет етуі қажет. Ал орындалмайтынына көзін жеткізсе, ол арманынан бас тартқаны жөн. Ал қазір қалай? Армандаймыз, тым көп армандаймыз. Арманда емес, армандағанымызда шек жоқ. Біз тым көп нəрсені армандаймыз, оның орындалуы үшін еш нəрсе істемейміз. Уақыт өте келе басқа нəрсені армандауға көшемізде, ол да бұрынғы армандар сияқты қалып жаңасы пайда бола береді. Сөйтіп көп нəрсені армандап армандарымыздан шатасамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз