Алматыда Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында 2015-2017 жылдары білім алған 22 магистрантқа «Сорбонна Париж Сите» бірлестігінің мүшелері - Университеттерінің дипломы тапсырылды. Магистранттар қосдипломдық білім беру бағдарламасы бойынша біліктілік алып шықты.
Салтанатты шараға Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине, Париж-Дидро университетінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Антуан Казе, Шығыс тілдері және өркениеттері ұлттық институтының (INALCO) халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі вице-президенті Анн Гринберг, «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы» қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Сорбонна-Қазақстан институтының тең директорлары Гүлмира Нурлихина, Мари-Анн Серв қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бірінші проректоры Мақтағали Бектемесов Сорбонна-Қазақстан институты халықаралық жобасының және қосдипломдық қазақстан-француз бағдарламасының маңыздылығына тоқталып өтті.
Қазақстандағы Францияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартине түлектерді құттықтап, қазақ-француз ынтымақтастығындағы білім беру және ғылым салаларын дамытуға қосқан үлестері үшін университет басшылығына және Сорбонна-Қазақстан институтының ұстаздарына алғысын білдірді.
«Сорбонна-Қазақстан институтында біздің болашағымыз құрылуда. Қазіргі таңда Франция - білім беру саласы бойынша әлемде алдыңғы қатардағы ел және стартаптар мен инновациялық теxнологиялар елі. Францияда ең үлкен бизнес-инкубатор орналасқан. Франция мен Қазақстан стратегиялық әріптестікті дамыту бағытында елімізде білім алатын қазақстандық студенттер санын көбейту керекпіз. Осы мақсатта біз ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен бірлесе қазақстандық білім алушыларға арналған Абай Құнанбаев және Жюл Верннің атымен аталатын жаңа білім беру бағдарламасын іске қостық. Франция үкіметі «Абай-Верн» білім беру бағдарламасын Халықаралық бағдарламалар орталығымен бірлесе қаржыландыратын болады», - деді Филипп Мартине.
Іс-шара барысында Игорь Рогов, Анн Гринберг и Антуан Казе құттықтау сөз сөйлеп, бітіруші түлектерге табыс тіледі.
Диплом тапсыру салтанаты мерекелік концертпен аяқталды.
Айта кету керек, 2014 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінің Сорбонна Париж Ситэ бірлестігімен ынтымақтастығы аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Франция Президенті Франсуа Олландтың қатысумен Сорбонна-Қазақстан институты құрылған болатын. Бұл институтта бакалавриат («Менеджмент», «Маркетинг», «Халықаралық қатынастар», «Халықаралық құқық», «Психология», «География») және қосдипломдық магистратура («Жаһандану кезеңіндегі халықаралық келісім диалог» және «Қазіргі әлемдегі өзгерістерді басқару») бағдарламалары бойынша мамандар француз тілінде оқытылады.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі