Қазақстанда мектептер мен ата-аналар арасында келісім бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің және «Нұр Отан» партиясы фракциясы жанындағы әлеуметтік кеңестің бірлескен отырысында ҚР БҒМ вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
«Педагогтарды қорғау өте маңызды мәселе. Бүгінде біз Үкімет қаулысына өзгеріс енгізудеміз, яғни бұл білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгілік ережесіне қатысты. Осы үлгілік ережелерде «келісімшарт» деген жаңа түсінікті енгізудеміз. Атап айтқанда, бізде балабақшаларда, университеттерде келісімшарттар бар. Алайда осындай құжаттар мектептерде, мектеп пен ата-аналар арасында бүгінге дейін болған емес. Сондықтан біздің педагогтарды қорғау мақсатында, сондай-ақ әр тараптың құқығы мен міндеттемелерін регламенттеу үшін мектептерде міндетті түрде келісімшарттарды бекітуді енгізу туралы шешім қабылдадық. Бұл тұрғыда кім не үшін жауапты екендігі айқындалады. Біздіңше, бұл қадам бүгінде байқалған проблемаларға өз әсерін тигізетін болады», - деді Аймағамбетов.
Бұдан бөлек ол мектептерді қажетті жабдықтармен қамту мәселесіне тоқтала келе, ол үшін министрлік мақсатты трансферт бөліп жатқанын жеткізді. Бұл бағытта компьтерлермен және өзге де жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесі де ескерілген. Жалпы, барлық 7100 мемлекеттік мектеп цифрлық білім беру ресурстарымен қамтылған.
«Біздің ойымызша осы шаралар мұғалімдерге елеулі қолдау болады. Себебі бұл құралдар мен жабдықтарда қажетті әдістемелік материалдар қамтылған», - деді вице-министр.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі