Өлең, жыр, ақындар

Ұлыбритания Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасын мойындады

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) NIS-Programme оқу бағдарламасы халықаралық GCE A-Level біліктілік талабына сай болып танылды, деп хабарлайды НЗМ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұлыбританияның білім куәлігін тану жөніндегі ұлттық ақпарат орталығының (UK NARIC - National Recognition Information Centre) сарапшылары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің NIS-Programme оқу бағдарламасы жан-жақты зерделеп қана қоймай, зияткерлік мектептерді аралап көрді. Соның нәтижесінде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 12 сыныпты тәмамдау туралы аттестаты Ұлыбританияның GCE A-Level деңгейімен сәйкес келеді» деген шешімге келді. GCE A-Level бағдарламасы әлемнің барлық үздік университеттерінде мойындалған. Бұл бағдарлама бойынша білім алған түлектер ешқандай қосымша емтихан тапсырмастан және университетке дайындайтын Foundation курсын оқымастан жоғары оқу орнына түсе алады.

Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасын қазақстандық жоғары оқу орындары да мойындаған. Қазіргі таңда Зияткерлік мектептердің түлектері Қазақстан-Британ техникалық университетіне (ҚБТҰ), КИМЭП Университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне (ҚазҰТУ), Алматы менеджмент университетіне (AlmaU), Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭБУ), Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (АӨМУ), Халық шаруашылығы университетіне («Бизнесті әкімшілендіру бакалаврі» мамандығына), Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне («Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына) екінші курсқа түсе алады. Бұдан бөлек, НЗМ түлектері Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына университетке дайындайтын Foundation курсын оқымастан қабылданады.

Фото: nis.edu.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер