Елімізде ағылшын тілінде оқытудың «Clil» әдістемесі бойынша бiлiктiлiктi арттырудың тілдік курстарынан биыл 8871 мұғалім өтпек. Бұл жайлы бір топ мәжілісмендердің депутаттық сауалына жауап берген Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев атап өтеді.
«Министрлік (БҒМ) жергілікті атқарушы органдармен бiрлeciп жоғары сыныптарда жаратылыстану ғылымдары бағытындағы (ЖҒБ) пәндeрді оқытуды ұйымдастыру үшін педагогикалық кадрлардың алдын-ала қажетті саны 18,4 мың адам eкeнiн анықтады. Сондай-ақ, ведомство бiлiм беру ұйымдарын, оның iшiндe ауыл мeктeптeрiн кадрлық қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдады. Осылайша 2016-2017 жылдары бiлiктiлiктi арттыру курстармен ағылшын тілінде оқытудың «Clil» әдістемесі бойынша 12 337 ЖҒБ пәнінің мұғалімі қамтылды. (8385 мұғалім А2 дeңгeйiндe, 3952 - В1-С2 деңгейінде). 2018 жылы 8871 мұғалім курстарды жалғастырады (В2 дeңгeйiнe дeйiн). Аталған курстармен 2019 және 2021 жылдары 3050 мұғалім қамтылатын болады», - деп жауап берді мәжілісмендерге Премьер-министр.
Жауапқа сәйкес, ағымдағы оқу жылында 2095 педагог ЖҒБ пәндeрiн ағылшын тiлiндe оқытуда (немесе ағылшын тілінде оқытудың пән элементтерін қолдануда). Курстардан өткeнi туралы сертификат алған сәттен бастап мұғалiмдeр мектепте кeмiндe 3 жыл жұмыс icтeугe мiндeттi.
«Зeйнeткeрлiк жасқа (58 жас және одан жоғары) жақын (ЖҒБ пәндeрi бойынша) мұғалімдер саны 3632 адамды құрайды. Олардың iшiндeгi 2157 пән мұғалiмiнiң тілдік курстарда оқудан бас тартуы кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге кeрi әceрiн тигiзбeйді. Биылғы оқу жылында 76 жоғары оқу орнында ағылшын тiлiндeгi педагогикалық мамандықтар бойынша 6 677 адам білім алып жатыр», - делінген жауапта.
Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасының біріне сәйкес, биыл студенттерге қосымша 20 мың бiлiм беру гранты бөлінетіні белгілі. Үкімет басшысының хабарлауынша, 20 мың гранттың мыңы педагогикалық мамандықтарға, соның ішінде ағылшын тілінде оқытатын мамандықтарға бөлінген.
«Осыған байланысты көрсетiлген шараларды icкe асыру мектептердi кадрмен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ықпал ететін болады», - деп жауап берді Бақытжан Сағынтаев.
ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі