ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев шетелдегі қазақ балаларына бөлінетін оқу гранттарының саны жыл санап артып келе жатқанын мәлім етті.
«Біз жыл сайын Моңғолиядағы қазақ балалары үшін оқу кітаптарын көптеп жібереміз. Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында бірқатар қазақ мектептері бар. Моңғолиядан сонымен бірге, студенттердің көп келіп жатқанын да айта кету керек. Біз биыл ғана осы бағытта 55 білім грантын бөлдік. Жыл сайын сұраныс артып келе жатқандықтан, бізге бұл жағдай, әлбетте, ұнайды», - деді министр Моңғолиядан келген бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы және оның анасымен кездесуден кейін тілшілерге берген сұхбатында.
Ерлан Сағадиев қазақстандық ЖОО гранттары тек моңғолиялық қазақ студенттеріне ғана емес, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Қытай секілді өзге елдердегі қандастарымызға да бөлінетінін атап өтті.
«Шетелдік қазақтарға арналған грант саны жыл санап көбейіп жатыр. Қазақстанға шеттегі қандастар көп келеді. Көпшілігіне еліміздегі ЖОО-лар ұнайды. Осында қалып, жұмыс істеп, Қазақстан азаматтығын алып жатқандар да жетерлік. Өте қуанышты жағдай деп айтар едім. Грант санын арттырып, өзіміздің бағдарламаны олардың оқыған бағдарламасына сәйкестендіріп, жағдайын жасап отырмыз. Шетелдегі қазақ балалары осында оқуға келгенде оларға жатақханадан орын беріліп, шәкіртақы төленеді. Өз тарапымыздан оларға бар жағдайды жасап отырмыз», - деді Ерлан Сағадиев.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі