Өлең, жыр, ақындар

Жүрек демін алғанда

  • 18.04.2015
  • 1
  • 3
  • 33166
Сандалғаны-ай санамның сан бөлініп,
Тамырымда тулайды қан желігіп.
Бара жатыр көлшіктер көлге айналып,
Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып,
Суық аяз күйдірген оттай қарып,
Әлсіз жүрек әл жиып алатындай,
Аракідік лып етіп, тоқтай қалып.
Тас көшеге табанмен сына қағып,
Қайда асығып барады мына халық?!
Абыр-сабыр ағылған адамдарға,
Айғай салғым келеді тұра қалып.
Көшелер де теңселіп баратқандай,
Машиналар шоршиды шабақтардай.
Бәрі қалқып барады сағым болып,
Барлығын да сағымнан жаратқандай.
Сағыммен сағым боп, еріп барам,
Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.
Анда-санда көзімді бір ашқанда,
Алатаудың ақ басын көріп қалам..


Пікірлер (3)

Мадина

маған қатты ұнады

Рарара

Өте кушты жыр емес екен

Пікір қалдырыңыз

Тура қара көзіме, тура қара

  • 1
  • 8

Тура қара көзіме, тура қара,
Ашық айтқан сөзімді бұрмалама.
Ақиқаттың алдында бүгежектеп,
Тағасыз байталдайын сырғанама.

Толық

Оралыңдар

  • 1
  • 2

Ауылда өскен бауырларым, қайдасыңдар сендер
Туған жердің топырағы, шақырады белдер.
Сендерді ойлап күрсінеді, күрсінеді таулар,
Бұйығады бұлақтар да. шайқалады көлдер.

Толық

Күрең күз

  • 0
  • 8

Күп-күрең менің реңім,
Қош енді, қош бол, күрең күн!
Жаз келер және жап-жасыл,
Жақсылық тағы тілермін.

Толық