Өлең, жыр, ақындар

Алматылық мұғалімдер ағылшын тілін үйреніп жатыр

Алматылық педагогтар жаңартылған білім мазмұнына сәйкес болу үшін біліктілігін көтеріп жатыр.  Мұғалімдердің біліктілігіне қатысты мәселелерді  бүгін Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде «Өрлеу» біліктілікті көтеру ұлттық орталығы АҚ Алматы бөлімшесінің төрайымы Раиса Садуақасова айтты.

Былтырғы жаңалықтардың бірі ретінде физика, химия, информатика, биология пәндерін ағылшын тілінде жүргізуге басымдық берілген болатын.

Осы орайда ұстаздар ағылшын тілінің курсын оқыды.

Оларға екі бағдарлама бойынша: жаңадан үйреніп жатқан 36 адамға - 640 сағат, жалғастыратын 18 адамға 470 сағат берілген болатын.

«18 мұғалім 2010 жылдан бері экспериментте болды. Бізбен бірге бастаған болатын. Олардың деңгейі қазір В1-ге жетіп қалды. Кейбір терең білетін мұғалімдер С1 деңгейін бағындырды. 640 сағатты оқып шығу үшін 4 ай уақыт керек. Тек қана теория емес, практикалық сабақтар өтеді. Оқу біткен соң түлектер біздің институтта аптасына екі рет тренинг, семинарларға қатысып тұрады. Біздің институтта  ағылшын тілінде сөйлейтін мамандар бар», - деді Раиса Садуақасова.

Осы бағытта аталған институт 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді.

Қазір білім алған мұғалімдер сабақтарын  CLIL методикасы бойынша жүргізіп келеді.

Олар www.almaty-pkso.kz сайтынан оқыту видеоларын, сабақ уақыттарын, әдістемелік нұсқаулықтарды көре алады.

Өрлеу институты былтыр 120 курста 3642 мұғалімді оқытты. Алғашқы жартыжылдықта 2475 мұғалім оқытылды.

Ал биыл жаңа білім мазмұны бойынша 81 курста 2 241 адам оқыды.

«2018 жылы мектепке дейінгі сыныптарды Букварь мен Әліппеден беретін 125 мұғалімді оқыту туралы,  математика, физика, химия, биологиядан беретін 125 мұғалімнің кәсіби біліктілігін дамыту, «Өлкетану» сабағы бойынша мұғалімдерді даярлауға мемлекеттік тапсырыс түсті»,- деді Раиса Садуақасова.

Ал жекеменшік мектеп мұғалімдеріне келсек, олар біліктілігін ақылы түрде арттырады. Оларға мемлекеттік тапсырыс қарастырылмаған.

Бүгінде 400 жекеменшік мектеп мұғалімі  біліктілігін арттырудан өткен.

ҚазАқпарат


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар