Үгедей 1186 жылы дүниеге келген. Үгедей — Шыңғыс ханның Бөрте деген бәйбішесінен туылған үшінші ұлы. Шыңғыс хан көзінің тірісінде-ақ оны өзінің мұрагері етіп тағайындаған. Үлкен ұлы Жошы дүниеден ерте өтіп, екінші ұлы Шағатайдың мінезі қатал болғандықтан хан ұлы таққа мейірімді, мінезі жұмсақ Үгедейді таңдайды.
Қағанды сайлау рәсіміне барлық моңғол ханзадалары қатысуы тиіс болатын. Бірақ олардың көбі алыс жорықтарда жүргендіктен Үгедейді Ұлы хан сайлау рәсімі 1229 жылға дейін созылады. Бұл уақытта империяны уақытша Шыңғыс ханның төртінші ұлы Төле басқарады. Үгедей қаған болып сайланған соң моңғол әскері жаулаушылық соғыстарын әрі қарай жалғастырады. Төленің тұсында моңғол әскерінің соққысынан Қытайда Цзин империясы құлайды. Моңғолдар Азияның екінші шетіндегі мұсылман астанасы Бағдад қаласына да баса-көктеп кіреді. 1237-1242 жылдары моңғолдар қыпшақтарды біржолата талқандайды. Бұлғарияны басып алып, орыс князьдіктерін жермен-жексен етеді. Моңғолдардың алдыңғы қатардағы жасақтары еуропалық рыцарьларды жеңіп, шабуылды одан әрі табысты жалғастыра берер еді. Бірақ 1241 жылы желтоқсанда Үгедейдің өліміне байланысты барлық әскери іс-қимылдарын тоқтатып, кері қайтады.
Үгедей әділ, дана билеуші болды. Оның билігі тұсында империяның бүкіл жерінде байланыс желісі ұйымдастырылып, халық санағы жүргізілді. Ол Шыңғыс хан бастаған империя астанасы Карақорым қаласының құрылысын аяқтады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жанерке
Жақсы
Күнай
Рахмет