Күңшіл ақ кірпік
- 1
- 0
Алты жастан оқып ең, ақ кірпігім,
Не айтар ең, сұраса егер: «не бітірдің?»
«Пәленшелер молдадан оқып жүр» деп,
Жел ауыз боп мақтаған сөзбен жүрдің.
Алты жастан оқып ең, ақ кірпігім,
Не айтар ең, сұраса егер: «не бітірдің?»
«Пәленшелер молдадан оқып жүр» деп,
Жел ауыз боп мақтаған сөзбен жүрдің.
Жіңішке сымға тартқан әні қандай.
Балауыз балбыраған тәні қандай.
Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп,
Толықсып толып тұрған сәні қандай.
Сезімнің сыртқа шықпас түсі бар ма?
Оны жасырар адамның күші бар ма?
Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен,
Көрсетпейтін жүректің іші бар ма?
kz2015
КереметНұрлан
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп.
Аңсағаным
Жақсы
Бұл оленнин негізгі ойы кандай?
Арай
Аңсағанымға жауап: Ой жоқ ешқандай, жәәәй ерігіп жаза салған ғой!
Садуахас гүлназ
маған сұлтан махмұд торайғыровтың өлеңдері керек
Асел
Арай !Сіз бұл ақынның өмірінің қаншалықты акыр болғанын білесіз бе?
Ол анасынан ерте айырылып,жастай қайтыс болған.
Аңсағаным,бұл өлеңнің мағынасы ақын қазақтарға мектеп ашып,оқытқысы келген.Сөйтіп ақша жинап əр үйге барған.Бірақ бəрі оған байлығын көрсетіп мақтанған.Ал ақын өлеңі арқылы қолы ашық,қысқышы айтқанда адамгершілігі бар адам іздегенін айтқысы келген.
Арсен
Бізге жаттауға бердіғо
Сауле
Бұл өлеңде с дүниеқоңыз адамдардың тірлігі туралы айтылады. Қазіргі кезде өздерінің жинаған материалдық байлықтарына мақтанып, соны көпшілікке көрсетіп мақтанатындар көбейіп кетті ғой. Сұлтанмахмұт ақын тура сондай адамдарға келер ұрпаққа қандай жол көрсетіп барасыңдар? - деп сұрақ қойып тұр. Маңдай терін төкпей біреудің әлсіздігін пайдаланып байлыққа қол жеткізгендіктері туралы сөз қозғайды.Кесені қолыма алып қарай бердім, ішінде нақақ көзден жас бар ма ? - деп айтып тұр ғой. Қазіргі кезде бұл өлеңнің өзектілігі жойылмаған.
Бауыржан
Әсел, пікіріңіз тамаша! бірақ, Арай әлгі сөзін Аңсағанымға кекесінмен жазғаны сезіліп тұр. Бас-аяғы төрт шумақ өлеңнің қарапайым идеясын ұқпайтын, өз "мнениесі" жоқ, онысын жұрттан сұрайтын рухани мүгедек жандар көп.
Қазбек
Керемет түсінген жанға, дүниені жинап мақтанып жұртқа көрсеткен қайырымсыз адамдар туралы айтқан
Абдрахман
Арайға жауап: сіз тым ойсыз адамсыз. Бұл өлеңде көп мәселе айтылған. Өлең "эрония" мысқылдау, әжуалау түрінде жазылған. Байдың жиған дүниесі - кезінде қара халықтан тартып алынған. Түсініп оқуыңызды сұраймын.
Абай атамыз айтпақшы: "Тамағы тоқтық, уайымы жоқтық, аздырар адам баласын" - деген. Жастар, азғындамаңдар. Білімсізге жау көп.
Сектай
Сұлтанмахмұттың бұл керемет өлеңінен бір картинаға сюжет болатын материал бар. Бірінші мәрте , әуелі бұл жерден музейдің баламасын көруіміз керек. Яғни сол кезде қазақтың байларынан , орыстың Шукин, Морзовтары сияқты халықтың өнер жәдігерлері коллекциясын жиғанын және насихаттағанын байқап , байыпты бағасын беруіміз керек. Көз алдыма музейдің экскурсия қызметкері ақсақал шал баяндап жүр! Қандай керемет! Сұлтанмахмұтқа мың алғыс, осындай картина қалдырғанына!