Ғалым Жайлыбай — Ақын-жазушылар бөліміндегі материал.
Материал — Ғалым Жайлыбай — осы тақырыптарға байланысты.
Ғалым Жайлыбай (9.02.1958 жылы туған, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Жеңіс ауылы) — ақын. «Алаш» сыйлығының лауреаты (1999), жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Ұзақ жыл ауылда шопан, жылқышы болып жұмыс істеген. Аудандық, облыстық басылымдарда қызметте болған. 1993 жылы Қазақтың менеджмент, экономика және болжау институтын әлеуметтанушы мамандығы бойынша бітірген. ҚР Сыртқы істер министрлігінде, түрлі басылымдарда қызмет атқарған. Поэзиялық туындылары оқырмандардың ықыласына ие болған. «Жанымның жапырақтары» (1988), «Жүрегімнің жұлдызы» (1996) атты жыр кітаптарының авторы. Соңғы жыр жинағында лирикалық ішкі иірімдермен қоса философиялық ой түюлері оқырман көңілінен шықты. Жайлыбаев өлеңдері табиғи да қарапайым. Тілдің қасиеті, мүмкіндіктері көрінеді. Айналасына суреткер көзімен қарауға қалыптасқан. Ақын жырларында өмір, табиғат, тағдыр тылсымдары астасып жатады. Өлеңдері орыс, украин, қырғыз тағы басқа халықтар тілдеріне аударылған. Халық ақыны Жолдыкей Нұрмағанбетұлының артында қалған мол мұрасын жинап, алғысөз жазып жеке жинақ етіп бастырған («Сұлу терек», 1996) "Жанымның жапырақтары» жыр жинағы үшін 1999 жылы «Алаш» сыйлығы берілген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қытай Халық Республикасы Күйтің қаласынан шыққан «Сүмбіле» деп аталатын қазақ ақындарының жыр жинағына өлеңдері енген.
Бұл бетте Ғалым Жайлыбай тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Ақын-жазушылар бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ғалым Жайлыбай материалы Ақын-жазушылар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі