Бағзы заманда жауынгер амазонкалар Азов теңізін мекендеген. Олар өмірлерін үнемі соғысумен өткізген. Жебе, садақ, ұрыс балтасымен және жеңіл қалқанмен қаруланған. Киімдері мен дулығаларын өздері дайындаған.
«Амазонка» атауы қару ұстап соғысуға, садақ тартуға ыңғайлы болсын деп қыздың омырауын күйдіру немесе кесіп тастау ғұрпынан шыққан. Көне грек тілінен аударғанда «амма» — емшек, төс, «зона» — орын деген мағынаны білдіреді.
Амазонкалар өз ұрпағын жалғастыру үшін бөтен елдің еркектерімен некеге отырған. Егер ұл туса, оны өлтіріп тастап, тек қыздарды тірі қалдырған. Амазонкалар қыздарын нағыз жауынгерлер сияқты тәрбиелеген.
Амазонкалар трояндықтармен бірге ежелгі Троя қаласы үшін гректерге қарсы соғысады. Осы ұрыста Ахилл амазонкалардың батыр қызын - Пенфесилеяны өлтіреді. Геракл амазонкалар қаласы Фемискарды қоршап, олардың падишасы Ипполитаның белдігін иеленеді. Тесей Антиопаға (Ипполитаның анасы) үйленеді. Амазонкалар Эфес қаласын салып, осы жерде Артемида храмын тұрғызған. Ежелгі скифтер амазонкаларды «эорпата», яғни күйеуін өлтірушілер деп атаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі