Биыл 5 мың жатақхана орны пайдалануға берілетін болады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
Министрдің айтуынша, жатақханаларда жаңа орындарды пайдалануға беру жұмыстары жалғасуда.
«Осы 2019 жылы 5 мың орынды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта, 3 жарым ай ішінде бізге 11 мыңнан астам орынға 20 өтініш келіп түсті. 6 мың 500 орынға 12 шарт жасалды. Олардың көбі салына бастады. Қазіргі есеп бойынша 5 мың орын толығымен биылғы жылы беріледі. Сонымен қатар, осы айдың соңына дейін 4 мың алты жүз орынға тағы 8 шарт жасау жоспарлануда. Ол келесі жылы берілетін жобалар», - деді Ерлан Сағадиев.
Оның айтуынша, жоба іске асқаннан бастап білім беру ұйымдары өз қаражаты есебінен 3 мыңға жуық орындық 10 жатақхананы өздері салып пайдалануға берді. Олар: Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары.
«Жалпы, 2022 жылдың соңына дейін 75 мың жаңа орынды пайдалануға беру үшін барлық жағдай жасалған. 170 жер учаскесі анықталған. Олардың 121-і білім беру ұйымдарына тиесілі, 49-ын әкімдіктер бөлген. 27 ұйым жобалық-сметалық құжаттама әзірледі, 62-сі әзірленіп жатыр. Біз әзірленген және үлгілік ЖСҚ банкін құрдық, оны жобаның жаңа қатысушылары пайдалана алады», - деді Ерлан Сағадиев.
Министр дерегінше, 107 жоба бойынша қаржыландыру көздері анықталды. 50 жобаны жоғарғы оқу орындары мен банктердің қаражаты есебінен, 57 жобаны инвесторлардың қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі