Арпа

Басты бет / Биология / Арпа

Арпа — Биология бөліміндегі материал.

Материал — Арпа — осы тақырыптарға байланысты.

Арпа (Ноrdeum) — астық тұқымдасына жататын бір және көп жылдық дақыл. Шыққан жері — Иран, Түркия, Армения. Адамдар неолит дәуірінде-ақ (б.з.б. 12 - 10-мыңжылдық) қолдан өсіре бастаған. Арпаның тамыр жүйесі шашақты. Сабағы қуыс, биіктігі 30 - 135 см, жапырағы таспа пішіндес. Жемісі — дәнек. Арпа морфологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес: дақылдық арпа, эфиоптық арпа және аласа бойлы арпа деп аталатын 3 түрге бөлінеді. Арпа дәнінде 45 - 67% крахмал, 7 - 26% белок, 7 - 11% пентозан, 1,7 - 2% сахароза, 3,5 - 7,0% клетчатка, 2 - 3% май, 2 - 3% күл болады. Қазақстанда дақылдық арпаның дәні қос қатарлы және көп қатарлы екі түрі өсіріледі. Дәні қос қатарлы арпаның дәні масағының ортасында ғана болады. Ол сыра қайнатуға пайдаланылады. Дәні көп қатарлы арпа спирт өндірісінде (6 қырлысы), азық-түлік және мал жемі (4 қырлысы) түрінде пайдаланылады. Арпаның бұлардан басқа жаздық және күздік түрі бар. Жаздық арпа Қазақстанның барлық облыстарында егіледі. Күздік арпа Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аудандарында өсіріледі. Жаздық бидай мен сұлыға қарағанда оның түсімі жоғары әрі 10 - 15 күн ерте піседі. Арпаның Казақстанда "Нутанс-970", "Бәйшешек", "Сәуле", "Қарағанды-4", "Күздік", "Оңтүстік Қазақстан - 43", т.б. сорттары өсіріледі. Арпа зиянкестері: швед, қаракөз, егеу, гессен шыбындары. Ауру қоздырғыштары: қатты қаракүйе, тозаңды қаракүйе, ақұнтақ, т.б. Арпаны екпестен бұрын формалинмен немесе ерте көктемде, күзде гранозан, меркургексан препараттарымен дәрілеу қажет.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Арпа деген не?

Бұл бетте Арпа тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Биология бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Арпа материалы Биология бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Биология бөліміндегі басқа материалдар Арпа тақырыбындағы материалдар