Арқар

Басты бет / Биология / Арқар

Арқар — Биология бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Арқар бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Арқар — жұптұяқтылар отрядының қуысмүйіз-ділер тұқымдасына жататын ірі аң. Қазақстанның таулы жерлерін (Жоңғар Алатауын, Тарбағатайды, Алтайды, Сарыарқаны, Қаратауды, Қызылқұм шөлін) мекендейді. Республикада арқардың 5 түрі: Алтай арқары, Қызылқұм арқары, Қазақстан арқары, Тянь-Шань арқары, Қаратау арқары кездеседі. Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығынын биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста, салқын түсе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай қоныс аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2,5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы көбіне жалқы қозы табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл жасайды. Арқар — биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру аркылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы — қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Арқар — бағалы кәсіптік аң болғандықтан оны аулауға тыйым салынған.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Фатима

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Арқар туралы не білуге болады?

Бұл бетте Арқар тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Биология бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Биология бөліміндегі басқа материалдар Арқар тақырыбындағы материалдар