Өлең, жыр, ақындар

Мұғалімдердің жалақысын көтеру коэффиценті бекітілді - БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты. Аталған тапсырманы ҚР Тұңғыш Президенті берген болатын. Оған сәйкес, жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға көтерілуі керек.

Министрдің айтуынша, ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэффицентті бекітті. Ал ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.

"Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар", - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, көмекші персоналдың жалақысы да артады. Олар - еден жуушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантеxниктер мен электриктер. "Сосын басқарушы персонал бар. Олар - мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары", - деп атап көрсетті К.Шәмшидинова.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (12)

Салтанат

Жақсы

Ниязова маржан

Білім саласына беріліп жатқан керемет қолдау.

Айгерим

Мен бала-бакшада тарбиеши комекшиси болып истеймин.Алатын айлыгым69123 мын тнг.Подоходный мен пенсионныйды устаганда колыма таза 59мын тнг аламын.Ендиги маселен,бизге канша косылады?.Часыный садик бари бирдей алама?бирак бюджет мемлекеттик.канша процет косылады?

Дəулет

еңбек ететін адамға 69123 айлық? Масқара! Европа мен Америкада бос жүрген бомждармен иттерге төленеді ғой

Айнур

Мен Астанада мемлекеттик садикте тарбиешимин 4жыл стаж бар айлыгым 51мын? Биздерге каншаа косылад.51,мын акша емес кой оте аз

Айнур

Тарбиешимин 51000 аламын.Мемлекеттик Садикте информацию.Сумдык 51000жетпейди.котеру керек жалакыны 4жыл стажым бар.

мухамед актами

бұдан жаман күйде тойда болдық қой. Аллам денсаулық берсін

Бағдагүл

26 жыл пед стажбен түзеу кабинетінде мүмкіндігі шектеулі балаларға əлеуметтік педагогпын 68000 аламын.Көп балалы болсам да подоходный налог ұстайды.

Гулнара

Мектеп зертханашысының айлығына да қосылама ақша.

Хадиша

Мен жоғары санатты, еңбек өтілі 40 жыл ұстазбын.
Менің жалақым 83000, ұстағаннан қолыма алатыным-73000-ның үстінде.
Жігіттер мұғалім мамандығын таңдамауы-заңды құбылыс. Осындай табыспен жанұяны қалай асырамақ?

Айдана

Мен мектепте мұғалім болып жұмыс жасаймын. Июньнің 1нен бастап отпускаға шығамын. Отпусканы сол 1июньдегі көбейген тарифпен есептеу керекпа? Білсеңіздер жауабын айтып жіберерсіздер. Алдын ала рақмет.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар