Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ирина Смирнова мұғалімдердің жұмысын бағалау жүйесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Смирнованың айтуынша, жас мұғалім мен балабақша тәрбиешісінің жалақысы республикадағы орташа еңбекақы көлемінен кем болмауы керек. Депутат осы ретте білім беру саласы қызметкерлерінің кезектен тыс аттестациясына қатысты да сын айтты. Яғни, педагогтың жалақысына үстеме тек емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін ғана қосылады. Салалық министрлік өкілдері аттестаттау мұғалімнің қалауымен ғана жүргізілетінін айтқан болатын. Дегенмен, бұл сынаққа іс жүзінде еңбекақысын көтергісі келетін мамандар ғана қатысуға мәжбүр.
Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Іс жүзінде әр педагог жалақысын арттыру үшін сынақтар тапсыруы керек. Мәселен, өткен жылғы кезектен тыс аттестаттау мектеп оқушыларының емтихандары күндерімен тұспа-тұс келді. Бұл жағдай биыл да қайталанбақ. Бұл шаралардың барлығы мұғалімдердің әлеуетін арттыруға кедергі. Жүйеге ұстаздардың өздеріне ыңғайлы болатын өзгерістер енгізілсе деймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Болат
Білім саласында мағынасы жоқ нәрсе көп
Арайлым
Айтып отырған мəселесі өте дұрыс. Тек жоғары жақтағылар қолдаса деген өтініш.
Рысбек
Өкінішке орай ұстаздар өз қадірін білмейді, өзін сыйламайды сол үшін аяқ асты болып жүр. Көбі (бәрі емес) қадірін ақша жинаумен, түрлі айлакерлікпен, балаларды ұрумен, сапасыз біліммен, мектепке ақша беріп кірумен қадірін өздері түсіріп алды. Өз қадірін білетін, өзін сыйлайтын адам ондай төмен тірлікпен айналыспайды, сапалы білімі мен тәрбиесін беріп, өзін жетілдіріп, өз абыройын ондай төмен тірлікпен қараламайды. Сапалы адамды барлығы сыйлайды, онымен санасады.
Өзін силамаса кім санасыды онымен? Ойлану керек!
Ғалия
Мұғалім сынақ тапсырсын, жақсы қосыламын, бірақ партфолияға грамоталарды сұрамаса деймін, өйткені грамотаның бәрі сатылады ғой, не керегі бар, өтірік грамотаның
Рзагул
Ғалия сіздің айттыңыз дұрыс. Сынақ тапсырған мұғалімге де пайдасы бар. Білімін таразылайды. Ал енді портфолио жинау дегенді əркім əр түрлі жолмен жасайтыны анық. Бір мұғалім таза еңбегі мен жұмыс жасап жинақтап, көбісі портфолионы сатып алады. Біреулер тойып секіреді. Біреулер тоңып секіреді.
Бота
Сіз өте дұрыс айтасыз бұрынғы жақсы еді атестация. Тесттен өтемба өтпейін ба уже қаншама нерф. Мұғалімді уайымға салк
Арт.
Мұғалімдердің тест сынағын тапсыруы- кәсіби шыңдалуы. Мейлі, жылда тапсыру міндеттелсін. Ал,портфолио толтыруы- мұғалімді көрінген көк итке жем қылу. Қадір-қасиетін аяққа таптау. Сондықтан портфолио толтырудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Осы жағы оң шешімін тапса екен.
Айдын
Мемлекеттің басында отқандардың барлығына тапсырту керек)
Нургуль
Ия, тест сынагын тапсыру мугалимдердин билик - билим дагдыларын шындайтыны рас. Оган ешкимнин окпе - ренишине орын жок шыгар. Жылда тапсыруды миндеттеп койсада ешким дау айта алмас. Ал портфолио толтыру мугалимдерди бизнестин козине айналдырып жемтик кылу, ари сатым... Сондыктан отиништеги мугалим туралы акпардын ози жеткиликти емес пе? Портфолио толтырудын не кажеттилиги бар? Осы маселе шешимин тапса екен.
Нуркожа
Дұрыс-ақ. Тест тапсыруға қарсы емеспіз, бірақ портфолио толтыру сыбайлас жемқорлықтың көзі деуге болады. Сондықтан портфолио толтырудың қажеттілігі жоқ қой деп ойлаймын. Өтініште көрсетілмей ме? Сол жеткілікті.
Жанат
Пікіріңізге толықтай қосыламын. Әділ түрде телефонсыз, шпорсыз тест сынағын тапсыруды жолға қойып, портфолионы алып тастау керек. Аудандық, қалалық, облыстық оқушылар сайысының бәрі портфолио жетістіктері үшін бармақ басты, көз қысты өтіп жатқаны баршаға аян емес пе?
Феруза
Портфолиоға жетістік жинаймыз деп, қадірімізді таптап жатқанымыз жасырын емес қой, бәрі сатылым. Тек тест тапсырып, портфолионы алып тастау керек. Өтініштегі мұғалім туралы мәліметті толықтыру сияқты оңтайлы жолдарын қарау керек сияқты.
Нурила
Аузыңа май, әріптесім. Портфолио толтыруды ойласам, төбе құйқам шымырлайды. Сатылымға түскен мұғалім жетістіктері мәртебе ме? Портфолиосыз әділ сынақ тапсырудың тиімді жолдарын іздеген дұрыс. Сынақ мұғалімді ширатады. Тек әділ, тиімді өткізу жолдарын үйлестіріп, портфолио толтыруды алып тастау керек.
Айжан
Жоғарыдағы əріптестерге қосыламын .Жоғарыда отырған билік иелеріне тест тапсырма йақ басқада лауазым иегерлеріне айлықтарына тест тапсыртпай ақ қосылып отырады .Мұғалімдердің еңбек өтіліне марапаттарына қарай қосылса болмаспеді. БОЛМАСА ТЕК ТЕСТПЕН ШЕКТЕП КӨТЕРУ КЕРЕК ЕДІ.
Ляззат
Уақытпен біліктілігін көтеретін немесе растайтын ұстаздар тест тапсыру міндеттемесе екен, тек портфолио талап етілсін. Мұғалімдер тестке дайындалып уақыт келтіргенше сол уақытымызды оқушыларға жұмсайық, шығармашылыққа жұмсайық
ЖҰПАРКҮЛ
СƏЛЕМЕТСІЗДЕР
ЖАС МАМАННЫҢ АЙЛЫҒЫН КӨТЕРУ ҚАЖЕТ.ЖАЛПЫ АЛҒАНДА МҰҒАЛІМНІҢ АЙЛЫҒЫ 300-400 МЫҢ БОЛУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІН.СЕБЕБІ ПƏТЕР ЖАЛДАЙТЫНЫ БАР.ЕР АЗАМАТТАР ОТАҒАСЫ ЖАНҰЯНЫ БАҒАДЫ.ҚАЗІРГІ 80000-90000 ТЕҢГЕ КҮЛКІЛІ.ҚЫСҚА ЖІП КҮРМЕУГЕ КЕЛМЕЙДІ ДЕГЕНДЕЙ. ТЕСТ ТАПСЫРУ КЕЗЕҢІН ӨЗГЕРТСЕ БОЛАДЫ.
Тест тппсырғанда қиын өздері мектептен шаршап келі
Мен қарсымын
Ардақ
Көп сөйлей бермей бірдеңе мен әлек болсын деген саясат сияқты осы нәрселер.
Айтолкын
дұрыс айтады әріптестер портфолионың қажеті жоқ.көптеген мұғалім тесттен қашып отырған жок.барлығы портфолиодан қашып бармай отыр.жетістігім жетпейді деп
Салтанат
Ардақ, солай сияқты тест тапсырып, қағаз жинап бос уақыттары болмасын деген сияқты...
Дуйсебекова Бибайша
СТАЖЫ 30-жылдан асқан мұғалімдердің пікірі :аттестация алмай жалақысын жаңа формация бойынша көбейтсе бодмас па екен.
Өміркүл
Жалпы тестке қарсымын көп жылдық еңбегің жетпей қалған 6-7баллмен бағаланғаны дұрыс па?Неге стажы мен жеткен жетістіктеріне қарап бермейді бұрын солай еді.
Арт.
Потфрлио мен мұғалімнің теориялық білімі өлшенбейді. Тест- нағыз білім,сыни ойлау .......
Аллаберген
Бізді ерттемей мінгісікелсе мініп
Білгендерін істеп жүр ғой
Жылына неше заң неше өзгерісті қалталарынан алып шыға ма керек.
Свадьба Малиновке дегідей өзгерістеріне үлгере алмай қалдық қой
Статус статусдеп өтіріктің үстіне өтірік қосып жатыр қосып жатыр
Ешкім ге сенбейтін жағдайға жеттік
Министрінің де басқармада...
Мадина
30-35жыл стажы бар м ұғалімге не тест 4-сынып мұғалімдеріне обал болмадыма ешқандай жалақы қосылмаған кеше келген мұғалімден жалақысы аз жоғарыда отырғандар соған ақылы жетпегенге қайранмын
Самал
Соны айтам.Тұрсынбек айтқандвй догоняй ,догоняй деп əлі қашып жүр бізден обновленка.
Хилола
Тест тапсыру арқылы мүғəлімдер өз білімін растайды деген пікірге косыламын.бірак портфолио жинаудың қажеті жоқ деп есептеймін . Тест сурақтары тек мүғəлімдің сабақ беретін пəнінен жəне ситуатив сурақтардан қуралса дұріс болар еді деп ойлаймын
педагог
Тестте шет елдік педагогтар жəне олардың еңбектері толып тұр. Олардың жаңалықтары, идеялары т.т. Қазақта педагог болмаған тəрізді. Сонымен, шет елдік педагогтарды игеру, жаттау арқылы қазақ педагогтарының жалақысы өсетіні күлкілі...
Жібек
Жоғырыдағы әріптестеріме қосыламын, тест тапсыруға мұғалімдердің қарсылығы жоқ деп ойлаймын, әділ, шынайы өткізілсе. Ал портфолио толтыруға қарсымен. Рас бәрі сатылым, оқушылардың мұғалімдердің сайыстары жетістікті жинау үшін бәрі ақылы.
Динара
тест тапсыруға қарсы емеспін. тек портфолио деген қиын-ақ. өз пәніңнен және қазақтың этнопедагогикасынан тест берілсе жақсы болар еді
Маржан
Тест тапсыру деген өлім мен өмірмен күресумен бірдей. Ол өз басымнан өтті. Ана жерде жүрегі ұстап аурып қалған ұстаздар да болды. Қаншама нерв қаншама стресс айта берсе жазып таусу мүмкін емес. Бұл мұғалім статусын аяққа таптау. Тестке түбегейлі қарсымын. Бұл жемқорлыққа апарар тура жол
Калжан Торкулбаевна
Мадина пікірің дұрыс 30-35 жыл стажы бар мұғалімге ешқандай қосымша қосылмады жас мамандардан да аз айлық алып жүр жəне тест тиімді сынақ ширатады, бірақ партфолионы басқаша жасақтау керек, Дүйсекова мен педагог (жоғарыда) пікірлері орынды
25-30 жылмен зейнетке шығарса дұрыс болар еді. Себебі : жүйке жұқарады, көз көру бəсеңдейді дегендей
Дина
Тест тапсыру білімін жетілдіру өте орынды. Бірак потфолио жинактау. Жетистик дегендерге карсымын. Себебі тест косетеді деп ойлаймын жетістігін мұғалімнің
Арт.
Қайырлы күн, әріптестер. Мұғалімдердің тест тапсыруына тыжырынып,тітіркене қарайтындар өз-өзіне сенбейтіндер,шпор,сотканы қос-қостан тығатындар деп ойлаймын.
Дина
Портфолия дымға қажеті жоқ нəрсе
Куралай
30-35 жыл стажбен пенсияга шыгару жолдары карастырылса деп ойлаймын. Айтпесе 58 жаста мугалимдерди зейнеткерликке шыгарса бурынгысы занмен. Асиресе айел мугалимдерге киын денсаулыктары сыр берип жуйкелери шаршайды.
Жанна
Стажы 30-35 жылдық мұғаліммен кеше келген мұғалімдің еңбегі теңбе соғанда үкіметтің басы істемейме
Гүлжан
Мұғалім мəртебесіндегі ұстаздарды 30 .35 жыл еңбек өтілімен пенсияға шығару керек