Өлең, жыр, ақындар

Табайдың тапқырлығы

Табай шешен тумысынан қолы тар кісі болған екен. Сол кісі бірде жолаушылап келіп түсе қалған Шеген бидің бір баласын үйіне қондырмай жіберіпті. Содан өзі бірде Шегенге сәлем берейін деп барса, Шегеннің өзі үйде жоқ екен. Баяғы өзі үйіне қондырмай жіберген баласы Табайды танып:

«Дүние кезек деген, ақсақал, анада үйіңізге қондырмағаныңыз есіңізде болар, енді сіз де бұл үйге қона алмайсыз, жолыңыздан қалмай жүре беріңіз» — деп түсірмейді.

Бала айтты деп кете беретін Табай ма, атты борбайлата бір салып, қотанның ортасына барады да, бар дауысымен ойбайға басады:

— Байлықты сұрадың — таласпадым, бердім, Шеген, ойбай,

Батырлықты сұрадың — таласпадым, бардім, Шеген, ойбай!

Билікті сұрадың — таласпадым, бердім, Шеген, ойбай!

Өзіме қонған қу сараңдық еді, бердім, ойбай, бердім! — деп, атты басқа тартып жібереді.

Алғашқы дауыс шыққанда үрейлене сыртқа шыққан Шегеннің бәйбішесі Табайды танып, жүгіріп келіп шалбырына оралады. Жалынып-жалпайып, аттан түсіріп, баласына кешірім сұратып, ат-тон айып төлейді.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз