Жанқұтты шешен бір күні қыпшақ дуанбасы Ыбырайдың үйіне келеді. Ыбырай именетін, немесе ерекше сыйлайтын кісі болмаса, кез келген адамды өзі отыратын үйіне кіргізбей, қонақ үйіне түсіртеді екен. Дуанбасының қызметші жігіттерінің «қонақ үйге жүріңіз» дегеніне көнбей, Жанқұтты Ыбырайдың өз үйіне кіреді. Ыбырай үйінде Шорманның Мұсасымен сөйлесіп, қисайып жатыр екен, қонаққа қолын бермей, аса таяғының ұшын ұсынады. Жанқұтты таяқты ұстамай, Мұсамен сәлемдесіп, төрге шығып отырады.
Дуанбасы әлден уақытта жастықтан басын көтеріп:
— Мұсажан, мына басына бөстек киген шалың кім? — дейді.
— Мұсажан, басымызға елтірі бөрік кисек, бөстек дейді. Ел басқарсын деп пысық жігіттен ұлық қойсақ, естек дейді. «Халықтың аузына қақпақ қойып болмайды» деген осы да, — дейді Жанқұтты Мұсаның орнына өзі жауап беріп.
— Ыбеке, сіз сөзден ұтылдыңыз, шешенге ат-шапан айып төлеңіз. Бұл — Сарым руының Жанқұтты деген шешені, — дейді Мұса.
Ыбырай ештеңе дей алмайды. Шешеннің тапқыр сөзіне қатты тосылып, үнсіз қалады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі