Маса мен арыстан — Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.
Егер сіз Маса мен арыстан бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.
Бір күні маса арыстанның жанына келіп, оған:
— Сіз күштімін деп мақтанбаңыз, тісіңізбен жұлып, тырнағыңызды батырғаныңыз мықтылық емес. Мықты болсаңыз, менімен айқасуға шығыңыз, — деп арыстанды жекпе-жекке шақырыпты.
Сонымен маса арыстанның бет-аузын түйірлеп шағып түк қалдырмапты. Арыстан өз бетін өзі шапалақтап қып-қызыл қанға бояпты. Ақыры арыстан жеңіліп, маса жеңіп шығыпты. Бұған мәз болған маса алақайлап ұшып бара жатқанда өрмекшінің торына түсіпті де, өрмекшіге жем болыпты. Ажал алқымына жеткенде, маса:
— Құдіретті де айбатты арыстанды жеңген басым өрмекшіге жем болдым ғой, — деп жан үзген екен.
Бұл бетте Маса мен арыстан тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.
Материал Қазақша ертегілер – балаларға арналған бөлімінде жарияланған.
Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі