Қожанасырдың үйіне бір күні көршісі келіп: «Қожеке, шашымды алып бере қойшы», — депті. Қожанасыр «құп» деп шаш алатын ұстарасын ала сала, шашын сыпыра бастапты. Басының ауырғанына шыдай-шыдай, ақыры шыдамы кеткен көршісі:
— Қожеке, ұстараңды қайрап ал, өтіңкіремейтін көрінеді, — депті. Қожанасыр:
— Құп! — деп жалма-жан қайрап алып ісіне қайта кіріскенінде, ұстарасының өткірлігі сондай болыпты, тіпті қолы билей алмай, басының әр жерін тіліп ала беріпті. Басы мең-зең болып ауырған бейшара көршісі «бұл мәжжөнге қайдан келдім» деп ойлайды да:
— Қожеке, басымның сау жерін қалдырмай кескіледің, енді құлағымды байқай көр, — депті құлақ шекесінің шашын ала бастаған кезде. Қожанасыр «е, құлақ деген оңай ғой, бастай емес» деп құлағының бір-екі жерін тіліп жіберіпті. Бейшара көршісі:
— Ойбай, Қожеке, бұның не? — деп шыр ете түсіпті. Қожа- насыр:
— Е, өзің айтқан жоқсың ба, басымды кескіледің, енді құлағымды деп, — депті саспастан. Көршісі:
— Ойбай-ау, ол сөзім құлағымды кесіп алып жүрме, басыма ұқсатып дегенім ғой, — депті. Қожанасыр:
— Е... енді түсіндім, манадан солай айтсайшы, онда мына сау құлағыңды да кесіп алып жүрермін, одан да қолыңа ұстап отыр, — деп құлағын кесіп алып, қолына «мә» деп ұстатып қойыпты.
Сүйтіп, бейшара көршісі шаш алдырам деп құлағынан айырылып, шүнтиіп үйіне қайтыпты.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі