Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Қасиман

араб тілінен алынған хас — таза, асыл, нағыз, ерекше + араб тілінен алынған иман - сенім. Нағыз, таза жанды, сенгіш.


Есімге сілтеме: Қасиман

Қасым

араб тілінен алынған хасим — сұлу, әдемі; таратушы, бөлуші, ұлестіруші. Біріккен тұлғалы есімдер — Қасымбай, Қасымбек, Қасымжан, Қасымәлі, Қасымхан, Қасымтай, Қасымқұл.


Есімге сілтеме: Қасым

Қатира

араб тілінен алынған хатирә — пікір, сана, идея.


Есімге сілтеме: Қатира

Қатиф

араб тілінен алынған қатиб — хатшы, жазбашы, жазушы.


Есімге сілтеме: Қатиф

Қаһарман

араб тілінен алынған гаһарман — ер, батыр; күшті, қуатты. алып.


Есімге сілтеме: Қаһарман

Қирабай

араб тілінен хира — таңдау; ең жақсы, тандаулылар + бай.


Есімге сілтеме: Қирабай

Қиса

(қараңыз: Айса).


Есімге сілтеме: Қиса

Қисаметдин, хисаметдин

араб тілінен алынған — әдемі, тамаша; жақсы, жарасымды.


Есімге сілтеме: Қисаметдин, хисаметдин

Қисан

араб тілінен алынған хисан — сұлу, өте әдемі, тым жақсы.


Есімге сілтеме: Қисан

Қияс

араб тілінен алынған хияс — теңеу, ұқсату; баға, құн. Лайықты деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Қияс

Қобдабай

қамысы көп, қалың жер. Осындай жерде отырғанда туған балаға әдетте осындай есім берген.


Есімге сілтеме: Қобдабай

Қоғамбай

бала көпшіл, ұйымшыл болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қоғамбай

Қожа

араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.


Есімге сілтеме: Қожа

Қожақ

көне түркі тілінен - үлкен, зор, дәу. Қазақ эпосындағы батыр есімі.


Есімге сілтеме: Қожақ

Қожбан

көне түркі тілінде - өте ірі, дәу.


Есімге сілтеме: Қожбан

Қозы

балаларға мал төлінің атын қоя беру ертеден бар. Бұл сөз біріккен тұлғалы есімді жасауға қолданылады — Қозыбай, Қозыбағар, Жанғозы, Байғозы, Ерғозы және т. б.


Есімге сілтеме: Қозы

Қойлыбай

қойға бай болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қойлыбай

Қолдас

қол сөзі мен дос қосымшасының бірігуінен жасалған есім. Көне түркі тілінде «қол басы» деген сөз.


Есімге сілтеме: Қолдас

Қонақбай

(қараңыз: Мейманбай).


Есімге сілтеме: Қонақбай

Қорғанбек

бала ата-ананың мықты да берік қорғанышы болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қорғанбек

Қорлан

араб тілінен — хор сұлуы, хор қызы.


Есімге сілтеме: Қорлан

Қосай

қазақ тілінен алынған бұл есім ана тіліміздің байырғы сөзі қос — екі, немесе егіз + ай сөздерінен жасалған. Демек, айға жет, айға жуық бол деген мағына береді. Қазақ эпосындағы батыр есімі.


Есімге сілтеме: Қосай

Қосын

араб тілінен - сұлулық, әдемілік, көркемдік; қайырым; қазақ сөзі — әскер.


Есімге сілтеме: Қосын

Қосынбай

(қараңыз: Үдербай).


Есімге сілтеме: Қосынбай

Қошқарбай

бұл есім отбасында ер бала көп болуын қалаудан туған.


Есімге сілтеме: Қошқарбай

Қуан

ұл бала туғанда қатты қуану себепті қойылған есім. Синонимдері — Қуаныш, Қуандық.


Есімге сілтеме: Қуан

Қуат

күш, жігер, қайрат.


Есімге сілтеме: Қуат

Құбан

иран тілінен алынған құб — әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Құбан

Құдайберген

иран тілінен алынған хода, ходай + қазақ сөзі берген. Синонимдері — Тәнірберген, Алдаберген. Бірік кен тұлғалы есімдер — Құдайқұл, Құдайменде. Қысқартылған тұлғасы — Құдыш, Құдкен, Құдияр.


Есімге сілтеме: Құдайберген

Құлыншақ

құлынды кішірейте, еркелете айту түрі.


Есімге сілтеме: Құлыншақ

Құмар

араб тілінен алынған кумар — әуес, ынтызар, құштар.


Есімге сілтеме: Құмар

Құндыз

терісі бағалы аң. Бала құндыздай әдемі, көркем болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Құндыз

Құралай

киіктің лағы; уақыт мезгілі (15—20 мамыр арасы). Әдемі, қара көзді құралай көз деген теңеу де бар.


Есімге сілтеме: Құралай

Құралбек

моңғол тілінен хурал — жиналыс + қазақтың сөзі бек, яғни жиын, үлкен жиналыс бастығы, ағасы деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Құралбек

Құрман

араб тілінен — құрбандық; құрбан шалу. Құрбан айты күні туған балаға қойылған есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құрманбай, Құрманбек, Құрманәлі, Құрманғали, Құрмансейіт, Құрманғазы, Құрмантай. Фонетикалық түрлері — Құрбан, Құрбанәлі. Қыскартып еркелете айту тұлғасы — Құрмаш.


Есімге сілтеме: Құрман

Құрмет

араб тілінен алынған һурмат — сый, ізет, қошемет.


Есімге сілтеме: Құрмет

Құрышжан

араб тілінен алынған құрыш — күшті, мықты, асыл + иран тілінен алынған жан (джон). Мықты, күшті адам.


Есімге сілтеме: Құрышжан

Құсайын

араб тілінен алынған хусейн , хусни сөзінің өзгерген түрі — әдемі, әсем, ең көркем; қайырымды іс, жақсылық; Хасен, Хасан есімінің кішірейту формасы. Түрі — Хұсайын.


Есімге сілтеме: Құсайын

Құтел

көне түркі тілінен қут — бақыт + ел, яғни елдің құты, бақыты деген мәндегі есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Құттыбай, (қараңыз: Байқұтты).


Есімге сілтеме: Құтел

Қыдыр

араб тілінен алынған хизр — судың көзін табу. «Бақытты, бағы ашылған». Біріккен тұлғалы есімдер — Қыдырәлі, Қыдырбай, Қыдырбек, Қыдырғали.


Есімге сілтеме: Қыдыр

Қызғалдақ

қырмызы қызыл гүл атынан қойылған есім.


Есімге сілтеме: Қызғалдақ

Қымбат

аса бағалы, құнды, нарқы артық.


Есімге сілтеме: Қымбат

Қырмызы

шымқай қызыл, алқызыл, қызыл жібек; нұрлы, әрлі.


Есімге сілтеме: Қырмызы

Мақабыл

араб тілінен — қабылданған, қолдайтын; қолдануға толық болатын.


Есімге сілтеме: Мақабыл

Мақпал

иран тілінен алынған бахмал — барқыт.


Есімге сілтеме: Мақпал

Мақсат

араб тілінен — арман, тілек; тілеп, күтіп алған. түрлері — Мақсұт, Мақсұтбай.


Есімге сілтеме: Мақсат

Мақсұм

араб тілінен алынған Махдум — мырза, қожайын.


Есімге сілтеме: Мақсұм

Мамасадық

араб тілінен — әділдік.


Есімге сілтеме: Мамасадық

Марқай

есей, ержет, үлкен боп өс.


Есімге сілтеме: Марқай

Масқұт

араб тілінен алынған масһуд — бақытты, ырысты.


Есімге сілтеме: Масқұт

Мәтқасым

араб тілінен - мақтауға тұратын көркем, сұлу.


Есімге сілтеме: Мәтқасым

Мәтхалық

араб тілінен - халық мақтаған, халық колдаған.


Есімге сілтеме: Мәтхалық

Мұқа

көне түркі тілінен келген зор, күшті, үлкен, батыр.


Есімге сілтеме: Мұқа

Мұқағали

көне түркі тілінен муқа + араб тілінен алынған ғали ; аса күшті, зор батыр.


Есімге сілтеме: Мұқағали

Мұқаділ

араб тілінен — тең, бірдей; тең бағалы.


Есімге сілтеме: Мұқаділ

Мұқали

араб тілінен алынған мохали — жоғары, көтеріңкі.


Есімге сілтеме: Мұқали

Мұқамәди, мұхамәди

араб тілінен алынған — Мұхамбеттің жолын қуушы; мақтауға лайық.


Есімге сілтеме: Мұқамәди, мұхамәди

Мұқамбет, мұқамет

араб тілінен алынған Мохаммад — даңқы шыкқан, атақты, мақталған. Біріккен тұлғалы есімдер — Мұқамбетбай, Мұқамбетбек, Мұқамбетғали, Мұқамбеткәрім, Мұқамбетназар, Мұқамбетқожа, қысқарта еркелетіп айту түрлері — Мұқатай, Мұқан, Мұқай, Мұқаш, Мұқыш, Мәмет, Мамай және т. б.


Есімге сілтеме: Мұқамбет, мұқамет

Мұқым

араб тілінен алынған - муким - тұрақты, табанды, тиянақты, берік, ұзақ жасайтын.


Есімге сілтеме: Мұқым

Мырқасым

иран тілінен алынған мыр + араб тілінен алынған хасым — сұлу, әдемі; яғни өте сұлу, әдемі, көркем мырза, әмір, әкім.


Есімге сілтеме: Мырқасым

Нақып

араб тілінен алынған нәкиб — бастык, басшы.


Есімге сілтеме: Нақып

Нақысбек

араб тілінен алынған нәкш - сурет, әшекей, өрнек; түрлі жазба, яғни көрікті, әрлі адам.


Есімге сілтеме: Нақысбек

Нармағамбет, нармұқамбет

қазақтың сөзі нар + араб тілінен алынған Мағамбет — зор, мықты Мұқамбет


Есімге сілтеме: Нармағамбет, нармұқамбет

Ниетқали

араб тілінен алынған нийат — пиғыл, ой, талап. Яғни жоғары пікірлі, ақылды, парасатты адам. Фонетикалық түрі — Нетәлі.


Есімге сілтеме: Ниетқали

Нұрақын

нұрлы, сәулетті ақын.


Есімге сілтеме: Нұрақын

Нұрбақ

араб тілінен алынған бағы жанған, бақытты, нұрлы.


Есімге сілтеме: Нұрбақ

Нұржақан

араб тілінен алынған нұр + иран тілінен алынған жиһан — дүние, әлем, шартарап; яғни дүниедегі, әлемдегі адамзаттың нұрлысы, сұлуы.


Есімге сілтеме: Нұржақан

Нұрқасым

араб тілінен алынған нұр + қасым; аса әдемі, сұлу, шырайлы.


Есімге сілтеме: Нұрқасым

Нұрлықұл

араб тілінен — ажары, көркі, реңі, гүлдей, сұлу қыз.


Есімге сілтеме: Нұрлықұл

Нұрмұқамбет

араб тілінен алынған нұр + мохаммед — Мұхамбеттің нұры, сәулесі. Қысқарта, еркелетіп айту тұлғалары — Нұрмат, Нұрым, Нұртай, Нұрқан, Нұркен, Нұрыш, Нұржан.


Есімге сілтеме: Нұрмұқамбет

Нұсқабай

араб тілінен алынған носхе — көшірме, бейне; тұлға, келбет, сырт көрініс. Мұндай есімдер бала келбетті, тұлғалы болсын деген тілекпен қойылса керек.


Есімге сілтеме: Нұсқабай

Нұсқар

ақыл-кенес берер ақылды бала болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Нұсқар

Нығметқали

араб тілінен алынған нигмәт + қали - ғали; аса дәулетті, байлығы артық.


Есімге сілтеме: Нығметқали

Оразақ

араб тілінен алынған разақ — өмірге, тіршілікке алғыс сезімін білдіру.


Есімге сілтеме: Оразақ

Оразақын

араб тілінен - бақытты, ырысты ақын.


Есімге сілтеме: Оразақын

Орақ

көне түркі тілінен егін оратын орақ, қолшалғы. Ауыспалы мағынада орып түсетін, өткір. Эпостағы батырдың есімі.


Есімге сілтеме: Орақ

Орақбай

астыққа, егінге бай болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Орақбай

Ошақбай

жанға, балаға бай болсын деген тілекпен де байланысты.


Есімге сілтеме: Ошақбай

Өмірзақ

араб тілінен алынған өмір + қазақ сөзі зақ - ұзақ, көп жасайтын, ғұмыры ұзақ, өлмейтін. Синонимдері — Өмірбай, Өмірбек, Өміржан, Өміртай және т. б. Еркелете- қысқартып айту түрі — Өмекен, Өміш, Өмен.


Есімге сілтеме: Өмірзақ

Разақ

араб тілінен алынған раззақ — өмір сүруге, тіршілік етуге ризық беруші.


Есімге сілтеме: Разақ

Рақап

араб тілінен - кең, ұлан-ғайыр; мырза, жомарт, жарқын жүзді.


Есімге сілтеме: Рақап

Рақат

араб тілінен - тыныштық, тыным, тыныс.


Есімге сілтеме: Рақат

Рақым

араб тілінен алынған рәхим — қайырымды, мейірімді, ізгі ниетті. Басқа сөздердің қөсылуы арқылы да күрделі есімдер жасалады. Мәселен, Рақымбай, Рақымберді, Рақымбек, Рақымжан. Қысқартылып-еркелете айтылатын түрі — Рақыш.


Есімге сілтеме: Рақым

Сағындық

ұзақ уақыт сағынып, сарғайып жүріп көрген ер бала.


Есімге сілтеме: Сағындық

Садық, сыдық

араб тілінен - шын, адал, таза, ашық; сенімді адал дос.


Есімге сілтеме: Садық, сыдық

Сайбақ

араб, моңғол тіліндегі жақсы, оңды деген мағынаны білдіретін сайын сөзіне араб тіліндегі бақ - бақыт сөзін қосу арқылы жасалған есім. Яғни, аса бақытты, жақсы ғұмыр деген мағынаны білдіреді.


Есімге сілтеме: Сайбақ

Сақтар

бале-жаладан сақтасын деген мәнді есім.


Есімге сілтеме: Сақтар

Сақып

араб тілінен алынған сахиб — серік, жолдас, дос; таныс.


Есімге сілтеме: Сақып

Сақыпжамал

араб тілінен алынған - сұлу, көркем, әдемі. Сұлулық серігі деген мағынада.


Есімге сілтеме: Сақыпжамал

Салық

араб тілінен салих — жақсы, ізгілікті, рақымды, тауфикты; адал.


Есімге сілтеме: Салық

Саурық

үйірге түспеген жас айғыр. Жас, жеткіншек деген мағынада.


Есімге сілтеме: Саурық

Сауық

араб тілінен — тамаша, ойын-күлкі, сауық-сайран; даңк, құрмет.


Есімге сілтеме: Сауық

Саятқан

араб тілінен алынған — саят — аңшылық, аң аулаушылық + хан.


Есімге сілтеме: Саятқан

Сәдуақас

араб тілінен алынған сәйд - бақытты, ырысты, құтты + уа қосымша + хас — нағыз; яғни нағыз бақытты, ырысты адам. Қысқартып айту түрлері — Сәду, Сәкен, Оқас.


Есімге сілтеме: Сәдуақас

Сұңқар

бала сұнқардай көреген, батыл болсын деп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Сұңқар

Сыбанқұл

бұл есімнің бірінші сыңары араб тілінен Шабан — тоқ, тойған; Бұл есімнің түбірі Сыбан, Шейбан, Шейбани, Шибан түрлерінде де кездеседі.


Есімге сілтеме: Сыбанқұл

Сыдық

араб тілінен алынған седдик — шындық, растық, туралық; әрқашан тура айтушы; шыншыл, әділ.


Есімге сілтеме: Сыдық

Сымақ

иран тілінен алынған самеһ — жомарт, мырза.


Есімге сілтеме: Сымақ

Тайлақ

ботадан үлкен бір жасар түйе атауы. Түйе малының атауынан қойылған есімдер ертеде көп қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Тайлақ

Тайшық

тибет тілінен бұл есім көне түркі тілдерінде дәреже ретінде қолданылған тибеттің тайши сөзі


Есімге сілтеме: Тайшық

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.