Қожа есімінің мағынасы

араб тілінен алынған ходже — ұстаз, мырза, бай, көпес, қожайын. Біріккен тұлғалы есімдер - Қожабай, Қожабек, Қожахмет, Қожагелді, Қожатай, Қожанияз, Бекқожа, Ерғожа, Есқожа, Нұрғожа және т. б. Қыскартылып айтылатын тұлғалары — Қожаш, Қожкен.





Қосымша есімдер:


Қазиза

Қазиза есімінің мағынасы: (қараңыз: Ғазиза).

Қазила

Қазила есімінің мағынасы: араб тілінен алынған қази , қазы — даулы іске билік айтушы + ла қосымша.

Қазына

Қазына есімінің мағынасы: араб тілінен алынған хәзинә — байлық, қойма; қазына. Аса қымбатты деген мағына береді.

Қаламқас

Қаламқас есімінің мағынасы: жіңішке келген әдемі қара қас. Халық арасында кеңінен тараған есім.

Қалбибі

Қалбибі есімінің мағынасы: (қараңыз: Аққал).