Өлең, жыр, ақындар

Бенджамин Франклин

Франклин Бенджамин (Вениамин) (17.1.1706, Бостон — 17.4.1790, Филадельфия) — американ ағартушысы, мемлекет қайраткері, ғалым. 1724 — 1726 ж. Лондонда тұрған. 1727 ж. Филадельфияда өзінің жеке баспаханасын ашқан. Бос уақытын оқуға арнап, өз заманының білімді азаматына айналған. 1729 — 1748 ж. “Пенсильвания газетін”, 1732 — 1758 ж. “Кедей Ричардтың альманахы” жылдық журналын шығарды. Филадельфиядағы ағылшын отарында алғашқы көпшілік кітапхананың (1731), Американ философиялық қоғамының (1743), Филадельфия академиясының (1751) негізін қалады. 1737 — 1753 ж. Пенсильвания почтмейстері, 1753 — 1774 ж. бүкіл Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының почтмейстері болды. Франклин 1754 ж. Олбандағы отар өкілдерінің бірінші конгресін шақырудың бастамашысы болып, онда отарларды біріктірудің жоспарын ұсынды. 1757 — 1762 және 1765 — 1775 ж. Лондонда Солтүстік Америкадағы отарлардың уәкілі болды. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыс (1775 — 1783) басталысымен отанына оралып, америка халқының күресіне белсене қатысты.


Нақыл сөздері

Кеңеске құлақ аспайтын адамдарға көмектесу мүмкін емес

Ілмектер: Кеңес, адамдар, мүмкін емес Бенджамин Франклин

Қолғап киген мысық тышқан ұстай алмайды.

Ілмектер: қолғап, мысық, тышқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Қызметкерлердi қадағаламау дегенiмiз оларға әмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз.

Ілмектер: Қызметкер, әмиян, қадағаламау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Шаруақорлықпен қарау екi қолға қарағанда көп бiтiредi.

Ілмектер: қол, Шаруақорлық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Ақтала бiлудiң шеберi басқа нәрсеге шорқақ болады.

Ілмектер: шебер, ақталу, шорқақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Көру жеңiл, болжау қиын.

Ілмектер: көру, болжау, қиын, нақыл, жеңіл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Күнделiктi iзгiлiктiң 13 принципi: ұстамдылық, көп сөйлемеу, тәртiп, батылдық, әрекетшiлдiк, ашықтық, әдiлдiк, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пәктiк, қарапайымдық.

Ілмектер: iзгiлiк, ұстамдылық, көп сөйлемеу, тәртiп, батылдық, әрекетшiлдiк, ашықтық, әдiлдiк, құнттылық, сабырлылық, тазалық, байсалдылық, пәктiк, қарапайымдық, нақыл, афоризм Бенджамин Франклин

Егер сен өзiңе әрқашан жағынғанды қаласаң, онда өзiңе-өзiң жағымпаздан.

Ілмектер: жағымпаз, жағымпаздық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин

Таңсәрінің аузында алтын бар.

Ілмектер: ерте тұру, ояну Бенджамин Франклин

Шаршау — ең жұмсақ жастық.

Ілмектер: шаршау Бенджамин Франклин

Жалқаулық кез-келген істі қиындатады.

Ілмектер: жалқаулық, іс Бенджамин Франклин

Егер қыздың кемшіліктерін білгіңіз келсе, оны құрбыларының алдында мақтаңыз.

Ілмектер: қыз, кемшілік Бенджамин Франклин

Кішкентай жау болмайды.

Ілмектер: жау Бенджамин Франклин

Ғұмырыңды ұзартқың келсе, тамақты тарта іш.

Ілмектер: өмір, тамақ Бенджамин Франклин

Өркөкіректер өзгелердің тәкәппарлығын жек көреді.

Ілмектер: Өркөкірек, тәкәппарлық Бенджамин Франклин

Үздік ұстаз – ғибратты үлгі.

Ілмектер: ұстаз, үлгі Бенджамин Франклин

Еңбек – бақыттың атасы

Ілмектер: еңбек, бақыт, ата Бенджамин Франклин

Еріншектік барлық жұмысты қиындатады

Ілмектер: еріншек, жұмыс, қиын Бенджамин Франклин

Көп адамдар 25 жасында – ақ өліп қалады. Бірақ оларды 75 жасында жерлейді.

Ілмектер: адамдар, 25 жас, өлу, 75 жас, жерлеу, сөну Бенджамин Франклин

Сені өзіңді өзің алдағаныңдай кім жиі алдайды?

Ілмектер: алдау, өзіңді алдау Бенджамин Франклин

Қарап көріңіз

Пікірлер