Қызметкерлердi қадағаламау дегенiмiз оларға әмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз. Ілмектер: Қызметкер, әмиян, қадағаламау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бенджамин Франклин Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қызметкерлердi қадағаламау дегенiмiз оларға әмиянның аузын ашық қалдыру деген сөз.
Ойлы бастық ұқыпты қызметкерді адам етеді. Ойсыз бастық оқып келген маманды надан етеді. — Бауыржан Момышұлы бастық, надан
Бiз ақша салынған әмиянды жоғалтсақ қайғыра бастаймыз, ал басымызға келген, естiген немесе оқыған, егер бiз оны еске сақтап, өмiрде қолдансақ, көп жақсылық әкелетiн ғажап ойды жоғалтып алсақ немесе ұмытсақ, оның миллиондардан да қымбат екенiн бiле тұра онша қынжыла қоймаймыз. — Лев Толстой ақша, әмиян
Әйел қызметкер де, қайраткер де болуға міндетті шығар. Алайда, ең алдымен ана болуы тиіс. — Ханбибі Есенқарақызы әйел, ана
Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай? — Редьярд Киплинг ынталандыру сөздері, мотивациялық сөздер
Ұяң немесе қарапайым болғандықтан ғана нашар қызметкер атануымызға жол беруге болмайды. — Пьер Тейяр де Шарден қарапайым, ұяң
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Ұстаз болу — жүректің батырлығы, Ұстаз болу — сезімнің ақылдығы Ұстаз болу — мінездің күн шуағы Ұстаз болу — адамның асылдығы. — Ғафу Қайырбеков ұстаз, мұғалім
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі