Өлең, жыр, ақындар

Лао-цзы

Лао-цзы - б.д.д 5-6 ғғ. Даосизмнің негізін қалаушы. Даосизм философиясының маңызды трактаты «Дао дэ цзин» - соның еңбегі деп есептейді. Трактаттың басты ұғымдары Дао, дэ және у-вэй (әрекетсіздік) категориялары.


Нақыл сөздері

Өзгені таныған — ақылды, өзін таныған — кемел.
Өзгені жеңген — күшті, өзін жеңген — шын мықты.

Оригиналы (қытайша, классикалық):
知人者智,自知者明。勝人者有力,自勝者強。
(Zhī rén zhě zhì, zì zhī zhě míng. Shèng rén zhě yǒu lì, zì shèng zhě qiáng.)

Түсіндірме:
知人者智 — басқа адамды түсіну ақылдың белгісі.
自知者明 — өз нәпсісін, әлсіздігін тану — нағыз даналық.
勝人者有力 — біреуден басым түсу — уақытша күш.
自勝者強 — өз-өзіңді жеңу — тұрақты рухани қуат.

Қайдан алынған: «Дао дэ цзин» (道德經 / Tao Te Ching), 33-тарау

Ілмектер: Лао-цзы, өзін-өзі тану, даналық, күш, жеңу, өзін тану, өз-өзіңді жеңу, рухани қуат Лао-цзы

Мың шақырымдық жол бір қадамнан басталады.

Оригиналы (қытайша, пиньинь транслитерациясы):
"千里之行,始于足下。"
(Qiān lǐ zhī xíng, shǐ yú zú xià.)
Ағылшынша ең танымал нұсқасы:
"A journey of a thousand miles begins with a single step."

Қайдан алынған (шығу тегі):
Бұл нақыл «Дао де цзин» (道德经, Tao Te Ching / Дао дэ цзин) атты ежелгі қытай философиялық шығармасынан алынған. Бұл кітап таоизмнің негізгі мәтіні болып саналады және оны Лао-цзыға (Laozi / Лао-цзы) жатқызады (шамамен б.з.д. VI ғасыр). Нақты сөз 64-тараудан (Chapter 64) келеді.
Толық контексттегі түпнұсқа қытайша үзінді (64-тарау фрагменті):
合抱之木,生于毫末;
九层之台,起于累土;
千里之行,始于足下。
(Қысқаша: Үлкен ағаш кішкентай өскіннен өседі; тоғыз қабатты мұнара топырақ үйіндісінен басталады; мың ли жолы аяқтың астынан басталады.)

PS: Үлкен мақсатқа жету үшін ұзақ жолды бір қадамнан бастау керек. Кез келген ұлы нәрсе кішкентай әрекеттен, қарапайым бастамадан туады. Кідірме, бір қадам жаса — қалғаны жалғасады.

Ілмектер: Лао-цзы, жол, қадам, Үлкен мақсат, мақсат, әрекет, бастама, бастау, Жетістік, жетістікке жету, табыс, жетістікке жету жолдары Лао-цзы

Өзіңе өзің сене алмасаң жұрт саған қалай сенбек.

Ілмектер: сенім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Астан да, адамнан да аттап өтпе.

Ілмектер: ас, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Жақсы адамның сөзi де, ойы мен iсi де iзгi.

Ілмектер: жақсы, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ой, іс Лао-цзы

Дарынды немесе лайықты адамның өсуiне кесе-көлденең тұрма.

Ілмектер: дарын, адам, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Алдау-арбау арқылы қызмет бабында өсуге тырыспа.

Ілмектер: алдау, арбау, қызмет, өсу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Өзiң түзел, сонан соң өзгенi түзе.

Ілмектер: түзеу, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Жалығу мен тарығу — жаныңның терезесi мен есiгi.

Ілмектер: Жалығу, тарығу, жан, терезе, есік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Су — дүниедегi ең жұмсақ, ең әлсiз нәрсе, бiрақ қатты да берiк затты жеңуге келгенде әлемде оған тең келер ештеңе жоқ.

Ілмектер: су, жұмсақ, қатты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние, берік, әлем Лао-цзы

Өнер мен сауда-саттыққа кедергі болма.

Ілмектер: өнер, сауда, кедергі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Өзiңнiң өтiнiшiңдi орындамағандарға өшпендiлiк жасама.

Ілмектер: өтініш, өшпенділік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы

Адамдарды соңыңнан ерткiң келсе, олардың соңынан жүр.

Ілмектер: адам, ерту, соңы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Бар екендiгiн адамдар байқамайтын көсемдер — ең жақсылары.

Ілмектер: көсем, адам, жақсы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Мәрт халық соғыс отынан әрі жүруге тырысады.

Ілмектер: халық, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Өз мүмкіндігінен хабары аз адам, қауіпке ұрынуы мүмкін.

Ілмектер: мүмкіндік, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Су жұмсақ әрі нәзік болса да, тауды қопарып жіберуге де күші жетеді.

Ілмектер: су, нақыл, күш, тау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы

Көп білсе де, өзін ақылды етіп көрсетуге тырыспайтын жігіт мақтауға лайық.

Ілмектер: мақтау, ақыл, афоризм, нақыл, қанатты сөздер, Лао-цзы Лао-цзы

Көп білемін деп кеуде соққан адамдар, әдетте нәтижеге жете алмайды.

Ілмектер: адам, нәтиже, нақыл, афоризм Лао-цзы

Қарап көріңіз