Өлең, жыр, ақындар

Михаил Лермонтов

Лермонтов Михаил Юрьевич (15.10.1814, Мәскеу — 27.7.1841, Пятигорск) — орыс ақыны.

1828 — 30 ж. Мәскеу ақсүйектер пансионында тәрбиеленіп, 1830 — 32 ж. Мәскеу университетінде білім алған. 1834 — 37 ж. Гусар полкінде әскери қызметте болды. Тұңғыш өлеңдері мен поэмаларын пансионда оқып жүргенде жазған (“Черкестер”, “Кавказ тұтқыны”). 1837 ж. 1 ақпанда А.С. Пушкин қаза болғанда жазған “Ақын қазасы” атты өлеңі үшін қамауға алынып, Кавказға жер аударылды. 1841 ж. Пятигорск қаласында офицер Мартыновпен дуэлде мерт болды. Лермонтов орыс әдебиетінде Пушкиннің ізбасары ретінде танылды. Лермонтовтың “Періште”, “Желкен”, “Русалка”, “Бородино”, “Тұтқын”, “Дұға”, “Теректің сыйы”, “Пайғамбар”, т.б. лирик. өлеңдері; “Мцыри”, “Демон”, т.б. поэмалары, “Бір түрлі адам”, “Екі ағайынды”, “Маскарад” (өлеңмен жазылған) драмалары; “Біздің заманның қаһарманы” романы, т.б. повестері мен очерктері орыс әдебиетінің озық үлгілері болып саналады. Лермонтов өз шығармаларында 19 ғ-дағы орыс өмірін, қала мен дала адамдарын, әскерлер, зиялылар, шаруалар өмірін, өзге халықтар тағдырын көрсетті. Орыс, кавказ, түркі халықтары тарихы мен фольклорының сюжеттерін шығармаларында ұтымды пайдаланды. Лермонтов шығармаларын І.Жансүгіров, Қ.Аманжолов, Т.Жароков, т.б. көптеген ақындар қазақ тіліне аударды.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Бақыт тек қана бізді сүйетін және үнемі күтетін жерде ғана.

Ілмектер: бақыт, сүю, күту Михаил Лермонтов

Қызғаншақтықты түсінуге болар, бірақ дәлелдер жоқ.

Ілмектер: қызғаныш, дәлел Михаил Лермонтов

Зұлымдық зұлымдықты тудырар.

Ілмектер: зұлымдық Михаил Лермонтов

Өлімнен асып түсу мүмкін емес.

Ілмектер: өлім Михаил Лермонтов

Қуаныш ұмытылса да, қайғы ешқашан ұмытылмас.

Ілмектер: қуаныш, қайғы Михаил Лермонтов

Тіл мен алтын біздің қылыш пен у.

Ілмектер: тіл, алтын, қылыш, у Михаил Лермонтов

Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.

Ілмектер: құрмет, шек, махаббат Михаил Лермонтов

Әрбір тыныш ағып жатқан өзен шулы сарқырамалардан бастау алады. Ешқайсысы теңізге құяр сәтке дейін ойнап шуламайды. Бұл сабырлық әрдайым жасырын ұлы күштің сипаты.

Ілмектер: тыныш, су, сабырлық, күш Михаил Лермонтов

Ей, тәкәпарлық! Жер шарын көтергісі келген Архимедтің тұтқасы едің...

Ілмектер: тәкәпарлық, жер, Архимед Михаил Лермонтов

Қарап көріңіз