Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз. Ілмектер: құрмет, шек, махаббат Михаил Лермонтов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Құрметтің шегі бар, ал махаббат шексіз.
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар - надандық, еріншектік, залымдық. — Абай Құнанбайұлы надандық, еріншектік
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс. — Бауыржан Момышұлы азамат, ұлт
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. — Абай Құнанбайұлы еріншектік, талапсыздық
Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға /қазақ жанына/ үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады. — Мағжан Жұмабаев мектеп, қазақ
Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ, Кішілердің үлкенге ізеті жоқ, Патшалардың әділдік міндеті жоқ, Бұл не деген заман болды, достар?! — Қожа Ахмет Йассауи үлкен, құрмет
Ақсақалға жарасар – тілеуқорлық тобасы, Бәйбішеге жарасар – қолындағы қара сабасы. Келіншекке жарасар – емшектегі баласы, Қыз он беске келгенде – шашынан көп жаласы, Бұл жалғанның жаманы – ағайынның жаласы. — Бұқар жырау ағайын, жала
Хабарлама
INFO
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі