Корейская косметика премиум класса

Сократ

Сократ (грекше: Σωκράτης (б.з.д. 470 - б.з.д.399)[1], — Батыс философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философы. Ол өз шәкірті Платон және Платонның шәкірті Аристотельмен (б.з.д.384 – б.з.д.320) бірге ежелгі гректің ең әйгілі "Үш данасы" деп қастерленген. Ол артына кітап жазып қалтырмаған, идеялары мен ғұмырбаянын шәкірттері (Әсіресе Платон) жазып қалтырған. Сондай-ақ замандасы Аристофанның (б.з.д.448- б.з.д.220) комедиясында ("Бұлт") да Сократ күлкілі адам ретінде кездеседі. Платон өз диалогтарында Сократты негізгі сұхбаттасушы еткен. Платон былай жазған: "Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана — Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады."


Нақыл сөздері

Өмірлік тәжірибесі аз адамның айтқан сөзі аса сенімнен шыға бермейді. Мейлі маған еліктеп айтса да.

Ілмектер: өмір, тәжірбие, нақыл, афоризм Сократ

Адамдарды таныған сайын, өзімнің итімді қатты қадірлеймін.

Ілмектер: қадір, адам, нақыл, афоризм Сократ

Мен өмір сүру үшін тамақтанамын, ал кейбіреулер тамақтану үшін өмір сүреді.

Ілмектер: өмір, тамақ, нақыл, афоризм Сократ

Тек бір ғана жақсылық бар ол - білім, тек бір ғана жамандық бар ол - надандық.

Ілмектер: білім, надандық, афоризм, нақыл Сократ

Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.

Ілмектер: адам, мүмкіндік Сократ

Астың тұздығы — аштық.

Ілмектер: ас, тұз, аштық Сократ

Асқа ең жақсы дәмдеуіш - аш қарын.

Ілмектер: ас, тамақ, дәмдеуіш Сократ

Сөз сүйектен өтпесе, таяқ та көмектеспейді.

Ілмектер: сөз, сүйек, таяқ Сократ

Қалаған адам - амал табады, қаламаған - себеп табады.

Ілмектер: қалау, адам, себеп, амал Сократ

Мен көп нәрсені білмейтінімді білемін, алайда басқалар мұны да білмейді.

Ілмектер: білім, білу Сократ

Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.

Ілмектер: ақша, кедей, арман Сократ

Ең кедей адам үйі, жанұясы, ақшасы жоқ адам емес, арманы жоқ адам

Ілмектер: арман Сократ


×