Өлең, жыр, ақындар

Марк Аврелий

Марк Аврелий (Marcus Aurelius, 121–180 жылдары) — Pим императоры (161–180 жылдары). Антонин Пийдің асырап алған баласы, заңдылақты және бюрократтық аппаратты тәртіпке келтіруге ұмтылды. 162–166 жылдары Шығыстық парфиялықтардың біраз жерін жаулап алды. 166–180 жылдары Дунай маңындағы провинцияларға басып кірген германдықтар мен сарматтарға қарсы соғыс жүргізді. Толассыз соғыстар империяны әлсіретіп, халықты күйзелтті. Бұған наразылық ретінде 172 жылда Египетте халық көтерілісі шықты. Марк Аврелий стоикалық бағыттағы философ болды, "Толғаныстар" кітабын жазды, дүниеге көз қарасында моралдық жағынан өзін-өзі жетілдіруді жақтады, саяси құрылысты жетілдіру мүмкіндігіне сенбеу бағытын ұстады.


Нақыл сөздері

Өмірдің сапасы – біздің ойларымыздың сапасына байланысты.

«Ἡ τοῦ βίου ποιότης τῶν λογισμῶν ἡμῶν ἐστίν.»
Қайдан алынған: «Өз-өзіңе толғаныс» (Meditations), II кітап

PS: Адамның өмірді қалай қабылдайтыны оның ішкі ойлау жүйесіне тәуелді; дұрыс ой – тыныш өмірдің кілті.

Ілмектер: нақыл сөз, Марк Аврелий, стоицизм, ой мен өмір, философиялық даналық, мағыналы сөз, дұрыс ой, ішкі ой, ой Марк Аврелий

Өміріңнің қалған бөлігін — өз қолыңда бар нәрселерге ғана жұмса.

“You have power over your mind — not outside events. Realize this, and you will find strength.”

Қайдан алынған: «Өзіңе арналған толғаныстар» (Meditationes), II кітап
Бұл сөйлем дәл Марк Аврелийдің Meditations кітабында кездеседі және оның негізгі стоикалық қағидаларын қысқа әрі нақты жеткізеді: біздің ішкі әлеміміз (ның ойымыз, сезімдеріміз, реакцияларымыз) біздің бақылауымызда, ал сыртқы оқиғалар біздің бақылауымыздан тыс.

PS: Өмірдің бір кезеңінен кейін адам бәрін бақылап, бәрін өзгерте алмайтынын түсінеді. Сол кезде күш-қуатты бос уайымға емес, өз еркің мен таңдауыңа тәуелді істерге бағыттау — ішкі тыныштық пен саналы өмірдің кілті.

Ілмектер: жауапкершілік, саналы таңдау, уақытты бағалау, ішкі тыныштық, даналық, өмірлік қағида, өзін-өзі дамыту, Марк Аврелий Марк Аврелий

Өміріңнің бақыты — ойларыңның сапасына байланысты.


Нақыл сөз (ағылшынша): “The happiness of your life depends upon the quality of your thoughts.”
Дереккөз: Бұл тұжырым Meditations атты еңбектен алынған дүниетанымдық мағынадағы сөз ретінде танымал (көбіне цитата түрінде таратылған, оның түпнұсқа мағынасы ойларымыз бен ішкі бағдарымызға негізделген).

PS: Ойларымыздың тазалығы мен бағыттылығы біздің бақытымыз бен ішкі тыныштығымызға тікелей әсер етеді.

Ілмектер: стоицизм, ойлар, бақыт, Ой тазалығы, позитив Марк Аврелий

— Санаң бар ма?
— Бар!
— Онда оны неге пайдаланбай жүрсің?

Ілмектер: сана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

"Адам болалық" деп қашанғы қақсаймыз, адам болатын уақыт жетті.

Ілмектер: адам, уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Бойыңа қарапайымдылықты, парасаттылықты, ар тазалығын, байсалдылықты, кiшiпейiлдiлiктi, әдiлдiктi, тақуалықты, мейiрбандықты, сүйiспеншiлiктi, тиiстi iстi орындаудағы табандылықты жинауға тырыс.

Ілмектер: қарапайымдылық, парасат, ар, тазалық, байсалдылық, кiшiпейiлдiлiк, әдiлдiк, тақуалық, мейiрбандық, сүйiспеншiлiк, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Сенi оң iсiң үшiн айыптаса, көңiлiң марқайсын.

Ілмектер: айып, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Кез келген надандықтың ортақ кемшiлiгi — өзiң бiлмейтiннiң бәрiн жоққа шығару.

Ілмектер: надандық, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Өзiн сабырға жеңдiрген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштiрек.

Ілмектер: сабыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күшті, адам, ашу, жеңу Марк Аврелий

Кiм сенiң жақсы, адал адам болуыңа бөгет болып отыр?

Ілмектер: жақсы, адам, бөгет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Оңай түзелетiн болғаннан, iсiң дұрыс болғаны жөн.

Ілмектер: іс, оңай, дұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Әр адамның бағасы оның ой-ниетiнiң құндылығымен анықталады.

Ілмектер: адам, баға, ой, ниет, құндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Адамдар бiр-бiрi үшiн туылған. Демек, не бейiмдел, немесе төз.

Ілмектер: адам, бейімделу, төзу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Сен әруақытта қазiргiдей бiр көрiнiстi көресiң: адамдар некеге отырады, бала өсiредi, ауырып-сырқайды, өледi, соғысады, тойлайды, саяхат жасайды, жер өңдейдi, жағымпазданады, тәкаппарлық жасайды, қастық iстейдi, басқаның өлімін тілейді, тірлігіне көңілі тоймайды, ұнатады-сүйедi, қазына жинайды. Құрметтi лауазымдар мен таққа таласады.

Ілмектер: көрініс, неке, ауру, өлім, өмір, соғыс, той, саяхат, жағымпаздық, тәкаппарлық, қастық, көңіл, лауазым, тақ, талас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Шалағай көзқарасты қанағат тұтпа.

Ілмектер: көзқарас, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Қарап көріңіз