Зәкария Исағұлов — мақалалары, өмірбаяны және шығармалар жинағы

Зәкария Исағұлов мақалалары, еңбектері және автор туралы негізгі мәліметтер осы бетте жинақталған.

Бұл автор бетінде Зәкария Исағұлов шығармашылығына қатысты материалдар, өмірбаяны, ішкі сілтемелер және байланысты бөлімдер бір жерде берілген.

Автор туралы

Зәкария Исағұлов (1939 ж. т., Маңғыстау ауданы Тұщықұдық ауылы) — журналист. ҚазМУ-дың (қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген. 1966 – 77 ж. Маңғыстау ауданы «Жаңа өмір», облысы «Коммунистік жол» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында меншікті тілші қызметтерін атқарған. Жаңаөзен қаласы жайлы жазылған кітап авторларының бірі. Аймақтағы белгілі адамдарының өмірін, қызметін баяндайтын «Маңғыстау малшылары», «Маңғыстау мұнайшылары» деп аталатын жинақтарға көркем очерктері енді. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамоталарымен, Юбилейлік «Астана», «Өзен кен орнының 40 жылдығы» медальдарымен марапатталған.