Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.


Нақыл сөздері

Жылуы жоқ жүрек те — бір, қуыс кеуде — бір.

Ілмектер: жылу, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қайғы басса, ағаш атқа жайдақ мінерсің.

Ілмектер: Қайғы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Уайым жоқ — сөзің тегін кетпесе, өкініш жоқ — күнің босқа өтпесе.

Ілмектер: Уайым, сөз, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, өкініш Жүсіп Баласағұни

Тілектің шегі болмайды.

Ілмектер: тілек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Көз қайда түссе ,көңіл сонда.

Ілмектер: көз, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Жамандық алтын басыңды аяққа сүйрейді.

Ілмектер: жамандық, алтын, бас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Бар пәле нәпсіқұмарлықта.

Ілмектер: нәпсі, құмарлық, пәле, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақкөңілділік — адам ойының тазалығының белгісі.

Ілмектер: Ақкөңілділік, адам, ой, тазалық, белгі, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қиянаттан алыс жүр.

Ілмектер: қиянат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ұрының қасында ұры жүреді.

Ілмектер: ұры, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Тәттінің сұрауы қатты.

Ілмектер: тәтті, қатты, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Көкірегімде шындықтың шамын жақты,
Тіл безесем — сөздерім жалын шашты.

Ілмектер: көкірек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жалын, сөз Жүсіп Баласағұни

Жазған кітап, сөйлеген сөздеріммен
Екі дүниені ұстауды көздедім мен.

Ілмектер: дүние, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, кітап Жүсіп Баласағұни

Басшы қабандай қайсар, қасқырдай күштi, сауысқандай сақ, қаршығадай қырағы болсын. Бастық елдi билеу, шаруашылықты ұйымдастыру туралы жазылған ғылымның негiзiн жақсы бiлуi қажет. Халықты дұрыс басқару үшiн басқару ғылымын меңгермей болмайды.

Ілмектер: басшы, қайсар, нақыл, афоризм, халық, ел, билік Жүсіп Баласағұни

Бiлiктiлiк пен ақылдылық төбеңдi көкке жеткiзедi.

Ілмектер: Бiлiктiлiк, ақылдылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ел билеушiлердiң ең негiзгi мiндетi — халқына адал қызмет ету, соларды бақытқа жеткiзудi ойлау, сөйткенде ғана басшы жұрттан сүйiспеншiлiк, қадiр-құрмет күте алады.

Ілмектер: Ел, билеушi, міндет, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қазмет, адалдық, сүйiспеншiлiк, қадiр-құрмет Жүсіп Баласағұни

Жақсы бастыққа iстiң мән-жайын бiлетiн жақсы жәрдемшi, ақылгөй кеңесшi, қолқанат қажет. Мұндай жағдайда оның iсi жанып, ол өз халқына, қоғамына, өзiне де көп пайда тигiзедi.

Ілмектер: кеңесшi, қолқанат, бастық, жәрдемші, халық, қоғам, пайда, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Аз сөйлесең де, аңдап сөйле.

Ілмектер: аз, сөйлеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Егер қолыңнан келсе қайда да болса халқың үшiн жақсылық қыл. Сөзiң де, қылығың да жақсы болсын.

Ілмектер: халық, жақсылық, сөз, қылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақылмен iс қылған бек елге сүйкiмдi болады.

Ілмектер: ақыл, ел, сүйкімді, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Қарап көріңіз