Өлең, жыр, ақындар

Жүсіп Баласағұни

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан.


Нақыл сөздері

Кімде-кім халқынан алмаса тәлім,
Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

Ілмектер: тәлім-тәрбие Жүсіп Баласағұни

Білім — теңіз, түбі де, шегі де жоқ.

Ілмектер: білім Жүсіп Баласағұни

Жай адамға бай адамның жүгін артпас болар.

Ілмектер: бай, адам, жүк Жүсіп Баласағұни

Алтын-күміс жиған адам бай емес - сөз жиған адам бай.

Ілмектер: бай, байлық, сөз, алтын, күміс Жүсіп Баласағұни

Болса да қол қысқа - шағынба болмысқа.

Ілмектер: кедейлік Жүсіп Баласағұни

Дос табу оңай - сақтауы қиын, жауласу оңай - тоқтауы қиын.

Ілмектер: дос, жауласу Жүсіп Баласағұни

Жер үстінде адам өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Ілмектер: білім, адам Жүсіп Баласағұни

Кісі - өлер, сөз - қалар.

Ілмектер: кісі, сөз, нақыл, афоризм Жүсіп Баласағұни

Жақсы мінез адамға азық та, киім де тауып береді.

Ілмектер: мінез Жүсіп Баласағұни

Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер.

Ілмектер: дос Жүсіп Баласағұни

Үйренер нәрсең — білім және ұғым.

Ілмектер: білім Жүсіп Баласағұни

Адам бойындағы ең тамаша нәрсе - білім мен ақыл.

Ілмектер: адам, білім, ақыл Жүсіп Баласағұни

Бала нені білсе жастан, ұядан -
Өле өлгенше соны таныр қиядан.

Ілмектер: бала, тәрбие Жүсіп Баласағұни

Құрсақта біткен мінез - қара жерге бірге енеді, сүтпен біткен мінезді - өлгенше өзгерте алмайсың.

Ілмектер: мінез Жүсіп Баласағұни

Көп сөйлеме, азбен келтір иінін,
Бір сөзбен шеш түмен сөзінің түйінін.

Ілмектер: аз, көп, сөйлеу, сөз Жүсіп Баласағұни

Көңіліңе қарай - дос таңда, күшіңе қарай - жүк таңда.

Ілмектер: көңіл, дос, күш, жүк Жүсіп Баласағұни

Ақылсыз басты қылығы танытады.

Ілмектер: ақылсыз Жүсіп Баласағұни

Білім — адам баласының ортақ қазынасы.

Ілмектер: білім, қазына Жүсіп Баласағұни

Ақылсыз адам —мәуесіз ағаш секілді.

Ілмектер: ақымақ, адам Жүсіп Баласағұни

Ақымақ — ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.

Ілмектер: ақымақ Жүсіп Баласағұни

Қарап көріңіз