Өлең, жыр, ақындар

Томас Эдисон

Томас Алва Эдисон. Томас Эдисон 1847 жылы, 11 ақпанда Огайо штатындағы Милан қаласында дүниеге келген.
Томас Эдисонның тұлға болып қалыптасуына және білім алуына анасы үлкен рөл атқарды. Жас кезінен Томас өте зерек болып өсті және жаңа құрылғыларға қатты қызығатын. Алайда, мектепте Томас Эдисон өзінің құрдастарымен салыстырғанда үлгерімі өте төмен болды және оны “мисыз ақымақ” деп санаған. Сол себепті ол мектепке 2 айға жуық уақыт барды. Ары қарай білім алуына анасының ықпал зор болды. Жас баланың бойындағы ерекше қабілетті байқаған анасы оған тек жалпы мектептік бағадарламаны ғана оқытпай, жаңа заттарды үйренуге және өзі үшін білім алуға құштарлығын оята білді. Томас Эдисон он жасқа толғанда оған Чемберстің “Энцеклопедиясы”, Добиньидың “Реформация тарихы”, Гибонның “Рим империясының құлауы” сынды күрделі кітаптарды оқуға рұқсат берілді. Ал жаратылыстану ғылымына байланысты кітаптарды аса қызуғышылықпен оқыды. 2 жылдан кейін Детройт кітапханасына кіруге мүмкіндік алғаннан кейін ол өзіне сөрелеріндегі барлық кітапты оқып шығуға мақсат қойды. Эдисонның білім алуындағы ерекшелік оның жүйелі болмауы. Осы жағдай оның болашақта атақты өнертапқыш болуына себепші болды.




Нақыл сөздері

Менің демалыс және жұмыс күнім болған емес. Мен жай ғана жұмысымды жасадым және содан ләззат алдым.

Ілмектер: демалыс, жұмыс Томас Эдисон

Уақыт – әр адамның еншісіне бұйырған әрі зая кетіре алмайтын жалғыз капитал.

Ілмектер: уақыт, капитал, адам, енші Томас Эдисон

Мен жеңілістерді көтере алмайтынмын. Мен жай ғана іске аспайтын 10 000 әдісті таптым.

Ілмектер: жеңіліс, әдіс Томас Эдисон

Біздің ең үлкен кемшілігіміз қиындыққа тез берілеміз. Сәттілікке деген ең дұрыс жол – тағы да бір рет қадам жасап көру.

Ілмектер: кемшілік, қиындық, сәттілік, жол, қадам Томас Эдисон

Қарап көріңіз

Пікірлер