Өлең, жыр, ақындар

Сайын Назарбекұлы

Сайын Назарбекұлы Назарбек (2 қаңтар, 1941 жылы Маңғыстау облысы, Тиген ауылында туған) — ақын, сәулетші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Махамбет атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты. Маңғыстау облысының және Атырау облысының Құрметті азаматы. Қазақстан Сәулетшілер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ұйқыдан көзің іссе емі жоқ — мастықтан.
Жұмыстан қолың іссе емі бар — ыстық нан!

Ілмектер: ұйқы, мастық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нан, ем Сайын Назарбекұлы

Өзгені жеңуден өзіңді жеңу қиынырақ.

Ілмектер: жеңіс, нақл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Орынсыз шашпалық — мырзалықтан гөрі ақымақтыққа жақынырақ.

Ілмектер: ақымақтық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, мырзалық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Адам — адамзат үшін еңбек етсе ғана Адам.

Ілмектер: адам, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Уақыт бәріңді де жеңеді.

Ілмектер: уақыт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ізгі ісіңе мақтануды ойға алма,
Аш кісіні ойлай отыр тойғанда.

Ілмектер: мақтану, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Атақты деп атың шықса халыққа,
Масайрама, сол халықты налытпа.

Ілмектер: атақ, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Кембағалға қарассаң,
Кемдігін айтып даттама.
Аш адамға ас берсең,
Жасытып арын таптама.

Ілмектер: ас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қайыршыға қайыр күтіп бермейсің.

Ілмектер: қайыршы, қайыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Тегің - атаңнан;
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.

Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақиқатта пенденің жұмысы жоқ,
Өз шындығын өмірде әркім іздер.

Ілмектер: ақиқат, жұмыс, пенде, шындық, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ақын — бөріңмен құрдас.

Ілмектер: ақын, нақыл, қанатты сөздер, афоризм, құрдас Сайын Назарбекұлы

Дана да күн секілді, өз сәулесін өзгеден қызғанбайды.

Ілмектер: дана, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қызғаныш Сайын Назарбекұлы

Елім деп еңбек еткендер,
Еленбедім деп налымас.

Ілмектер: ел, еңбек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Қайырымды, ізгілікті кісінің,
Еленбейді кейбір кемі ісінің.

Ілмектер: іс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Тілің өткір болса, жауыңды табар,
Артық айтсаң, айналып келіп өзіңді қабар.

Ілмектер: тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жау Сайын Назарбекұлы

Арсыз заман белгісі — "түлкісінде",
Арсыз адам белгісі — күлкісінде.

Ілмектер: ар, күлкі, арсыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Ана тілін менсінбеген — сақау,
Ата ғұрпын елемеген — мақау.

Ілмектер: ана тілі, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сақау, мақау Сайын Назарбекұлы

Ниетіңді түзеткенің — иманыңды күзеткенің.

Ілмектер: ниет, иман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы

Иманды адам қанағатшыл келер,
Дөрекі надан балағатшыл келер.

Ілмектер: иман, қанағат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, надан Сайын Назарбекұлы

Қарап көріңіз