Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982) — Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.

Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді.

Ілмектер: ақыл, сүйкімділік, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Солдаттың анасы — Отанның анасы.

Ілмектер: солдат, ана, отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр.

Ілмектер: Жауынгер, тәрбие, әскер, киім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жөргек Бауыржан Момышұлы

Ерлік — тәрбие жемісі.

Ілмектер: Ерлік, тәрбие, жеміс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Зерттеп білмейінше білу де, істей алу да мүмкін емес.

Ілмектер: зерттеу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Жеке және қоғамдық өмірде адам қасиеттеріне соғыс әсер етпей қоймайды.

Ілмектер: қоғам, өмір, соғыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

Ілмектер: ұрыс, батырлық, жалған, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Көкпар, бәйге, аударыспақ – батылдыққа, ептілікке баулитын, бұлшық етті шынықтыратын, құмарлықты оятар, есеппен тәуекелге бел байлауға, тіпті өзінің ары мен тағы үшін өлімге бас тігуге дейін баратын дәстүрлі спорттық ойындар. Бұл ойындардың игілікті екендігіне ешқандай күдік болмауға тиіс.

Ілмектер: Көкпар, бәйге, аударыспақ, батылдық, ептілік, дәстүрлі ойын, ойын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сайқал ғана бетіңе қарап қылмыңдайды.

Ілмектер: сайқал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Сауатсыз жазушының кейіпкері надан болып шығады.

Ілмектер: сауаттылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, надан Бауыржан Момышұлы

Мақал, мәтел — өмір тәжірибесі.

Ілмектер: Мақал, мәтел, өмір, тәжірибе Бауыржан Момышұлы

Жас адамға жүрек — би.

Ілмектер: адам, жастық, жүрек, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Ит — ауыл есігінің қоңырауы.

Ілмектер: ит, ауыл, қоңырау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді.

Ілмектер: би, қасірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әнші, қуаныш Бауыржан Момышұлы

Қарт адам — ұзақ сапар шегіп, тоналып қалған жолаушы сияқты.

Ілмектер: қарт, қарттық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жолаушы Бауыржан Момышұлы

Қазынасыз керуен қарақшыдан қорықпайды.

Ілмектер: қорқыныш, қорқу, қазына, керуен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді.

Ілмектер: адам, сенім, қу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Алатын кезде — алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.

Ілмектер: олжа, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, адам Бауыржан Момышұлы

Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады.

Ілмектер: Рүстем Абдрашев Бауыржан Момышұлы

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері
Атаның маған айтқан ақыл сөздері
Алатын кезде – алға озып,беретін кезде артта бұғып қалатын,алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр.Ондай адамнан құтылудың өзі-үлкен олжа.
* * *
Адам ешкімге сенбей,бәріне күдіктеніп,айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу ”, “ нашар адамдар” деп ойлап жүрсе,тура сондай сұмырайлар кездесе береді,қасыңа топталып,жинала береді.
* * *
Өзгеден артық боламын деп арындама,шамаңды шақта.Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар,қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата- бабаң.Бірақ тепкіге төзбе,ешқашан аяққа басылмағын.
* * *
Адам өмірге,мынау жарық дүниеге жылап келеді.Ата-ана,туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады.Кетеріңде өзгелер жылап,өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе...
* * *
Ғылым-білім деген-түпсіз тұңғиық.Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ.Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі,шама-шарқы жеткен жерге бір белгі-шыбық шаншып қалдырса,сол шыбық өсіп,өзінен кейінгіге сая болып,жол нұсқап жатса,есте қалған деген сол болады.
* * *
Мынау пәни жалғанда мінсіз адам болмайды.Бұл дүниедегі періштелер – сәбилер.Айыбың мен мініңді өзің түсінсең,санасыз болмағаның.
* * *
Өзіңді сыйлайтын жерге қайта-қайта жылтыңдап бара берме,қадірің кетеді.
* * *
Арман жаста да,кәріде де болады.Адамның ой-арманы ешқашан таусылмайды,оны орындауға жолың таусылады.
* * *
Іргетас мықты болуы керек деп көп айтамыз.Егер іргетастың үстіне қабырға берік қаланбаса,төбесі биіктеп еңселенбесе ,шатыры жақсы жабылмаса,қанша мықты болса да,іргетастың құны шамалы болып қалады.
* * *
Пышақ қаламның орнын ауыстыра алмайды.Пышақ кескен жер жазылып кетеді,қалам жазылған жер жазылмас жараға айналады.
* * *
Заң деген-әдет,адамгершілік деген-әдеп.Әдеп деген-басқаларға мейірімді болу.
* * *
“ Алла-аспанның да,жердің де сипаты ” деп жазылған Құранда.Кейбір адамдар оны сезінбесе де,жүрегінің бір түкпірінде осы өмірдегі арманынан басқа,мәңгіліктің,шексіз әлемнің шет жағасын көру арманы болады.
* * *
Бағың жанып,тасың өрге домаласа,арзанқол достар мен нағыз дұшпандарың көбейеді.
* * *
Человеку важно очиститься самому,сделать свою жизнь чистой,иначе он всю жизнь будет гоняться в слепую за счастьем спотыкаясь падая и калеч других.Нечистый не может быть счастливым.
* * *
Сырттай қарағанда бір-бірінен аумайтын ұқсас екі шам болыпты.Біреуі:“ Мен неткен әдемімін,мен қандай жарықпын,мен алаулап тұрмын,мені жұрт түгел көруге тиіс,көруге міндетті.Егер маған назар аудармаса,құлаймын да,бәрін өртеп жіберемін”,-депті.Екінші шам: “Менің жарығым айналама жетер ме екен,төңірегіме жарығым түгел түссе ғой,адасқан жолаушы сәулені көріп,жол тапса,менің жарығыммен біреу-кітап оқып,біреу-жазу жазса,енді біреу-кесте тіксе,менің жарығымның септігі тиіп,сәби шошымаса”,-депті.Мұны не үшін айтқанымды ары қарай өзің ойлан.
* * *
Ақымақтығыңды өзің ұғып түсінсең,ақылды болғаның,ал өзіңді ақылдымын деп сенсең,нағыз ақымақсың!
Дайындаған-Шраздин Мадияр
Зейнеп Ахметова «Бабалар аманаты» Алматы 2017 225-230 беттер

Ілмектер: Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері Бауыржан Момышұлы

Қарап көріңіз