Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезов

Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Іздесең – табарсың, алыссаң – аларсың.

Ілмектер: еңбек Мұхтар Әуезов

Сын шын болсын, шын сын болсын.

Ілмектер: шындық, сынау Мұхтар Әуезов

Маңына ұрық шашпаған жақсылық, жапанда жалғыз өскен бәйтерекше, тұл болады да қалады.

Ілмектер: жақсылық, жақсылық туралы, нақыл сөз Мұхтар Әуезов

Кімде-кім ана тілін, әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

Ілмектер: ана тілі, тіл, әдебиет, тіл туралы қанатты сөздер Мұхтар Әуезов

Қазақ мектебіндегі бала келешекте қай мамандыққа барам десе де, ең алдымен өзінің ана тілін, әдебиетін сүюі шарт. Сол сүюді орта мектеп табалдырығын аттаған соң да, мамандық, білім беретін жоғары мектепке ауысқанда да асыл қасиетіндей сақтауы керек.

Ілмектер: мектеп, бала, ана тілі, тіл Мұхтар Әуезов

Жаңа ғашық болған шағыңда ойда жаңғырған тәрізденеді.

Ілмектер: ғашықтық, ой Мұхтар Әуезов

Әзілде кек, өсекте шек жоқ.

Ілмектер: әзіл, кек, өсек Мұхтар Әуезов

Қызғаныш — құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты.

Ілмектер: қызғаныш, ауру, азап Мұхтар Әуезов

Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады.

Ілмектер: интеллигент, кітап Мұхтар Әуезов

...ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алқасы болып отыр.

Ілмектер: ғылым, мәдениет, дүние Мұхтар Әуезов

Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі — ғылым.

Ілмектер: ғылым, мақтаныш Мұхтар Әуезов

Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді.

Ілмектер: ән, күй, құмар, бала, өмір, ғашық Мұхтар Әуезов

Абайдың барлық өлеңі – қазақтың сол күшті тілінің ішінен туған асыл құрыш, қырдағы қалың қазақтың осы күйге шейін сөйлеп жүрген жалпақ тілінің жемісі, соның сыры мен сымбатын көрсететін айнасы. Бұл – Абайдың қазақ тіліне істеген қызметі.

Ілмектер: Абай, қазақ тілі, өлең Мұхтар Әуезов

Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді.

Ілмектер: әйел, ана, бала, әлем Мұхтар Әуезов

Мақал-мәтелдердің молдығы, олардың тамаша поэтикалық формасы, шебер түрде берілген терең, тіпті философиялық мән-мағынасы – осындай тамаша үздік шығарма тудырған қазақ халқының өзінің де асқан ақындық дарынының, оның сарқылмас даналығының анық айғағы.

Ілмектер: мақал, Мақал-мәтел, мағына, қазақ, халық, ақын, дарын, дана Мұхтар Әуезов

Жұмбақ - сөз образының кілті,
Ақындықтың ұрық-дәні.

Ілмектер: жұмбақ, ақын, ақындық, сөз Мұхтар Әуезов

Біз үшін халықтар достығынан артық идеал болмақ емес.

Ілмектер: халық, достық Мұхтар Әуезов

Шын көңілден айтылған тілекке — шындықпен жауап беру парыз.

Ілмектер: көңіл, шындық, тілек Мұхтар Әуезов

Жігітті жылы сөз ширатпайды, қатты сын ширатады.

Ілмектер: жігіт, сын Мұхтар Әуезов

Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.

Ілмектер: іс, күш, еңбек ету Мұхтар Әуезов

Қарап көріңіз