Әзілде кек, өсекте шек жоқ. Ілмектер: әзіл, кек, өсек Мұхтар Әуезов Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Әзілде кек, өсекте шек жоқ.
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе - қасиет, Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе - қасірет. — Ғабит Мүсірепов әйел, еркек
Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы! — Махамбет Өтемісұлы ата, кек
Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек. — Әзілхан Нұршайықов еркек, әйел
Дүниеде шындықтан күлкілі әзіл жоқ. — Мұхаммед Әли шындық, дүние
Еркекке тіс те керек, іс те керек, білек те керек, жүрек те керек... — Ғабит Мүсірепов еркек, жүрек
Еркекті бұзатын екі құмарлық – арақ пен әйел. — Бауыржан Момышұлы еркек, әйел
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі