Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы! Ілмектер: ата, кек, бала Махамбет Өтемісұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ханнан қырық туғанша, қарадан біреу тусайшы, атаның кегін қусайшы!
Күнәдан таза басым бар, Жиырма бірде жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең, алыңдар. Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар, Еркек тоқты құрбандық. Атам десең атыңдар — Қайрат Рысқұлбеков еркек, Қазақ
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! — Төле би Әлібекұлы ата, ұл
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. — Қорқыт ата ана, ата
Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. — Қазыбек Келдібекұлы бала, ата
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. — Қорқыт ата тәрбие, ұл
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі