Өлең, жыр, ақындар

Константин Ушинский

УшинскийКонстантин Дмитриевич [19.2.(2.3.)1824, Тула – 22.12.1870 (3.1.1871) Одесса, Киевте жерленген] – орыстың педагог демократы, Ресейде ғыл. педагогиканың негізін қалаушы. 1844 ж. Мәскеу университетінің заң факултетін бітірген. 1846 – 49 ж. “Современник” және “Библиотека для чтения” журналдарында қызмет істеді. 1854 ж. Гатчинодағы жетім балалар ин-тында орыс тілі және заң пәндерінің оқытушысы, 1855 – 59 ж. класс инспекторы, 1859 ж. Смольный ин-тының инспекторы қызметтерін атқарды. Ол шетел және орыс мектептерінің озат тәжірибелеріне сүйене отырып, Ресейдің оқу-тәрбие ісіне түзетулер мен өзгерістер енгізуді қуаттады. Сабақтардың бағдарламасын өзгертті. Оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын енгізуді, азаматтардың бас бостандығын жақтады.


Нақыл сөздері

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады

Ілмектер: Мұғалім, білім алу, білім, оқу, іздену, мұғалімдік Константин Ушинский

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

Ілмектер: ұстаз, ұстаздық қызмет, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский

Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский

...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.

Ілмектер: еңбек, әңгіме, педагогика, дарын Константин Ушинский

Қарап көріңіз