Өлең, жыр, ақындар

Константин Ушинский

УшинскийКонстантин Дмитриевич [19.2.(2.3.)1824, Тула – 22.12.1870 (3.1.1871) Одесса, Киевте жерленген] – орыстың педагог демократы, Ресейде ғыл. педагогиканың негізін қалаушы. 1844 ж. Мәскеу университетінің заң факултетін бітірген. 1846 – 49 ж. “Современник” және “Библиотека для чтения” журналдарында қызмет істеді. 1854 ж. Гатчинодағы жетім балалар ин-тында орыс тілі және заң пәндерінің оқытушысы, 1855 – 59 ж. класс инспекторы, 1859 ж. Смольный ин-тының инспекторы қызметтерін атқарды. Ол шетел және орыс мектептерінің озат тәжірибелеріне сүйене отырып, Ресейдің оқу-тәрбие ісіне түзетулер мен өзгерістер енгізуді қуаттады. Сабақтардың бағдарламасын өзгертті. Оқытудың тиімді әдістері мен жолдарын енгізуді, азаматтардың бас бостандығын жақтады.


Нақыл сөздері

Тәрбиелеудің басты міндетін адамгершілік әсер етуден құрайды.

Ілмектер: адамгершілік, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Тәрбиенің ең басты бөлігі — мінезді түзеу.

Ілмектер: тәрбие, мінез, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Ұстаз — ұлағатты есім.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім Константин Ушинский

Сәби үшін жақсы ойыншық ол алуан түрлі қылып өзгертуге келетін ойыншық.

Ілмектер: оыншық, сәби, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек

Ілмектер: адал, әділет, Шыншылдық, мұғалім, сабақ, пән, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Константин Ушинский

Көрнекілік арқылы бала зат пен сөздің арасындағы байланысты табуға үйренеді.

Ілмектер: көрнекілік, бала, үйрену, нақыл, афоризм Константин Ушинский

Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

Ілмектер: бала, білім, мақсат Константин Ушинский

Халық тілі – тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, оның күллі рухани тіршілігінің еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі.

Ілмектер: тіл, гүл Константин Ушинский

Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан–дүниесіне жетіп отырады.

Ілмектер: зейін, есік, адам Константин Ушинский

Кітап оқу – мұның өзі әлі ештеңені білдірмейді, нені оқу және оқығанды қалай түсіну – басты нәрсе міне осында.

Ілмектер: кітап, оқу Константин Ушинский

Өз ойларын көріктеп айта алмау — кемшілік, ал өзінің көкейіне түскен ойларының болмауы — одан да асқан кемшілік.

Ілмектер: кемшілік, ой Константин Ушинский

Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.

Ілмектер: жастық шақ, арман, қиял, мұрат Константин Ушинский

Саналы әрі еркін еңбек қана адамды бақытпен жарылқайды.

Ілмектер: еңбек, бақыт Константин Ушинский

Егер еңбекті таңдап алуда сіздің жолыңыз болса және осы жолда өміріңізді сарп ететін болсаңыз, онда сіз бақытты болғаныңыз.

Ілмектер: еңбек, өмір, бақыт Константин Ушинский

Оқу — бұл әлі ештеңені мандытпайды, нені оқу керек және оқығанда көңілге қалай тоқу керек — ең үлкен, ең үлкен шаруа, міне, осында.

Ілмектер: оқу Константин Ушинский

Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар.

Ілмектер: әйел, бала, тәрбие, қабілет, перзент Константин Ушинский

Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді.

Ілмектер: сана, еңбек, бақыт Константин Ушинский

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

Ілмектер: мұғалім, оқу, іздену Константин Ушинский

Оқыту — тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт, тәрбие Константин Ушинский

Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дап-дайын тұрған курсы.

Ілмектер: адам, психология Константин Ушинский

Қарап көріңіз