Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (11)

"ұстаз туралы нақыл сөздер" туралы Ұлағатты сөздер

"ұстаз туралы нақыл сөздер" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ұстаз туралы нақыл сөздер" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім

Ілмектер: ұстаз, оқушы, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Өзінің ұстазынан асып түсуге талпынбаған шәкірт-бейшара.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Леонардо да Винчи
WhatsApp Telegram

Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.

Ілмектер: ұстаз, шәкірт, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский
WhatsApp Telegram

Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Ілмектер: ұстаз, Мұғалім, үйрету, ұстаз туралы нақыл сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

Ілмектер: ұстаз, ұстаздық қызмет, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский
WhatsApp Telegram

Мұғалім - зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

Ілмектер: ұстаз, мұғалім, ұстаз туралы нақыл сөздер Константин Ушинский
WhatsApp Telegram

Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.

Ілмектер: ұстаз, ұстаз туралы нақыл сөздер Адольф Дистервег
WhatsApp Telegram