Өлең, жыр, ақындар

Әзілхан Нұршайықов

Нұршайықов Әзілхан (15.12.1922 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Келінсүйегі деген жер (Ақбұзау ауылы - 2011 жыл)) – ҚР халық жазушысы.

Қалың көпшілікке етене жақын "Махаббат қызық, мол жылдар" романы (1970) мен "Ақиқат пен аңыз" роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады. Өлмес туындының алғашқысында жастардың қайнаған жастық өмірі туралы баяндалған, бұл роман оқырманның, әсіресе жалынды жастардың ерекше сү­йіп оқитын махаббат гимніне айналды.

Ә. Нұршайықов Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А. А. Фадеев атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлық - күміс медалінің (1987) иегері. 2-дәрежелі Отан соғысы, "Құрмет белгісі" (1957), "Халықтар достығы" (1984), 3-дәрежелі "Даңқ" ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" (1995) медалімен марапатталған.


Туындылары Нақыл сөздері

Назарларыңызға қазақтың халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың ұлт тәрбиесіне байланысты айтқан нақыл сөздерін ұсынамын.
1. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.
2. Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
3. Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.
4. Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.
5. Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Ілмектер: ұлт туралы нақыл сөздер Әзілхан Нұршайықов

Күшті махаббат қана күйеудің бойындағы кінəратты жеңеді. Күшті махаббаты бар ақылды, сабырлы əйел ғана жаман жігіттен жар жасап алады. Содан кейін олар бірінің айтқанынан бірі шықпай сыйласымды, тату-тəтті өмірді бастарынан кешіреді. Бұл жолда əйелдің көп қажыр, қайраты жұмсалады. Ол жақсы жарды содан соң барып табады. Адам бойындағы, əсіресе қыз бойындағы қасиет ана берген тəрбиеден ғой.

Ілмектер: махаббат, кінәрат, ақыл, сабыр, әйел, ана, тәрбие, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді.

Ілмектер: өмір, жанұя, жігіт, үйлену, әйел, қыз, күйеу, мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әзілхан Нұршайықов

Жазғы салқыннан жаныңды аяма.

Ілмектер: жаз, салқын, жан, аяма Әзілхан Нұршайықов

Егер ертең шәкірттеріңе үлгілі ұстаз боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар!

Ілмектер: шәкірт, ұстаз, еңбек Әзілхан Нұршайықов

Бала тәрбиесінің ең үлкені – оны еңбекке баулу. Еңбекшіл жас қана ең үздік азамат болып қалыптасады.

Ілмектер: бала, тәрбие, еңбек, азамат Әзілхан Нұршайықов

Баланы жастан жұмсап, жүгіртіп істете беру керек. Еңбекшіл азамат содан қалыптасады.

Ілмектер: бала, еңбекшіл, азамат Әзілхан Нұршайықов

Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ.

Ілмектер: бала, сабақ, жылау, жығылу Әзілхан Нұршайықов

Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

Ілмектер: бала, арақ, у, маскүнем, ана, жақсы, жаман Әзілхан Нұршайықов

Екі адамның бір-біріне шын ықылас пен қалтқысыз қызмет етуі, не араларындағы адал махаббаттың, не асыл достықтың арқасы.

Ілмектер: адам, махаббат, достық Әзілхан Нұршайықов

Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол жас балаға, сұлу әйелге және ұлы адамға ғана жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық – қырсықпен тең

Ілмектер: адам, бала, әйел, қырсық Әзілхан Нұршайықов

Махаббат барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады

Ілмектер: махаббат, байлық Әзілхан Нұршайықов

Үміт күткен ұлы оңбаған болып кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз болып шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ болып шықса – жар сорлы

Ілмектер: әке, шеше, жігіт, жар, сұлу, қыз Әзілхан Нұршайықов

Еркекке жүрек керек, әйелге тірек керек.

Ілмектер: еркек, әйел, жүрек, тірек Әзілхан Нұршайықов

Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді. Ал халықта: “Есті қыз етегін қымтап ұстар” деген мақал бар.

Ілмектер: қыз, көйлек Әзілхан Нұршайықов

Ешқашанда ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Ілмектер: жамандау, жақсылық, адам Әзілхан Нұршайықов

Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

Ілмектер: ел, аға, баға Әзілхан Нұршайықов

Шошаңдаған қыз шешесінің атына кір келтіреді.

Ілмектер: қыз, ана, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігітке оның жымиғаны да жетіп жатыр.

Ілмектер: қыз, жігіт, Әдеп Әзілхан Нұршайықов

Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Ақылмен бөгеп, сабырмен тұсалмаған құмарлық таудан төңкерілген сең сияқты: жолындағының бәрін ұйпа-тұйпа етіп, жайпап жойып кетеді. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық-шашық жерді көбейтпей жауып, жария етпей қымтап ұстауы абзал. Әсіресе етекті қара санға дейін көтермеу, кеудені жалаңаштамау жөн. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды, адалдық бұзылмайды.

Ілмектер: әйел, адалдық, еркек, Құмарлық Әзілхан Нұршайықов

Қарап көріңіз

Пікірлер